Қыстың қақаған аязды күндерінде мұрынды бөкебаймен орап жүру – суық тиюден қорғайды. Мұны Йель университетінің зерттеу жүргізген ғалымдары растап отыр.
Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) - мұрын мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителийлі жасушаларды зақымдайды. Бұл вирустардың көптеген түрлері бар, ең көп таралғаны – тұмау, ал «бейтанымал» түрлері – парагрипп, аденовирус, риновирус, реовирус және басқалары. Йель университетінің ғалымдары әрбір бесінші адамда риновирус кездесетінін дәлелдеген. Яғни, риновирус – мұрынның шырышты қабатында орналасады. Иммунитет одан адамды оңай қорғай алады. Бірақ, Цельсий бағамымен 5 градус суықта мұрынның салқындауы – иммунитеттің риновируспен күресуін қиындатады екен. Сондықтан олар мұрынды да бөкебаймен орап жүру - суық тиюден қорғайтынын осылай дәлелдеп отыр.
Сурет: vk.com