Мұрын шеміршегінің қисаюы сырттай байқала бермейді. Ол жарақаттың себебінен пайда болған немесе туа біткен болуы мүмкін. Бірақ себебіне және өзгерістің біліну/білінбеуіне қарамастан, ол денсаулық үшін жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.
Кейде мұрын шеміршегі қисаюының белгілерін дәрілердің көмегімен жеңілдетуге болады. Бірақ егер мұндай ем нәтиже көрсетпесе, дәрігерлер септопластика деп аталатын процедураны ұсынады. Ол арқылы мұрын қалқасының симметриясы қалпына келеді. Отоларингологқа көрінуді кейінге қалдырмау керегін білдіретін мұрын қалқасы қисаюының белгілерін ұсынамыз.
Мұрынның созылмалы аурулары
Егер постназальді іспектен жағымсыз сезімдер байқасаңыз, ол мұрын қалқасы қисаюының белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұрыннан шырыш тамаққа ағып кетеді. Тамақ қуысына аздап шырыштың келуі қалыпты жағдай, бірақ мұрын шеміршегінің қисаюы оның көп болуына әкеледі. Нәтижесінде, постназальді синдром созылмалыға айналып, тамақтың ауыруын және жұқпаларды шақырады.
Мұрын шеміршегі қисаюының тағы бір белгісі — созылмалы синусит (қойнаудың қабынуы). Қуыстарға жиналатын шырыштың көп болуы тыныс алуды қиындатады және айтарлықтай жағымсыздықтар сыйлайды. Сондай-ақ, ол бактериялардың дамуына жақсы орта болады. Созылмалы синуситтің басқа жағымсыз салдарларына тіс ауруын, жөтел, иіс сезу проблемаларын және бас ауруын (әсіресе, маңдай тұсы) жатқызады.
Ысқырықты дем алу, қорылдау және ұйқы проблемалары
Мұрын шеміршегі қисаюы кезіндегі ысқырықты дем алуды немесе қырылды бірден дем тартқанда естуге болады. Ал түнде бұл жағдай күшейіп, қорылдауға әкеледі. Бізге мұрын арқылы демалу қиындай түссе, қажетті оттекті алу үшін автоматты түрде ауызды ашамыз. Ашық ауыз ваккум жасайды, соның себебінен тамақтағы тіндер дірілдеп, қорыл пайда болады.
Қорылдамасаңыз да, мұрын шеміршегі қисаюының себебінен таңертең шаршаңқы болып оянуыңыз мүмкін. Ол ұйқы кезінде оттек жетіспегеннен болады. Мұрын қуысының біреуі бітелсе де, түнде жиі аунауға немесе оянуға итермелейді.
Мұрын шеміршегі қисаюынан болатын мұрынның бітелуі ушығып кетсе, ол ұйқы кезіндегі апноэге алып келуі мүмкін. Бұл кезде адам ұйықтап жатқанда қысқа уақытқа тыныс алуын тоқтатады. Апноэ денеміздегі барлық органдар үшін қауіпті, себебі олар қанығуға қажетті оттек мөлшерін алып үлгермейді.
Мұрыннан жиі қан ағу
Мұрын шеміршегі симметриялы болмағандықтан, одан ауа біркелкі өтпейді. Дем шығару кезінде шырыштыға артық қысым түсіп, оны құрғақ етеді. Қан тамырлар жұқарып, сынғыш бола түседі.
Бұл процесс мұрынның жиі қанауына ықпал етеді. Бұл кезде кішкене ғана қан бөлініп шықпайды. Әдетте, ол көп ағады және оны тоқтату қиын болады. Кейде мұрынның ішкі бөлігінің кеуіп кетуінен қабыршақтар түзіледі. Соққылар немесе сіңбіру осы қабыршақтарды жылжытып, қан кетуге әкеледі.
Мұрыннан қан ағудың басқа себептерін мына жерден оқи аласыздар.
Бас ауыру
Мұрын шеміршегінің қисаюы мұрын қуысы жұқпаларына әкелуі мүмкін. Олар қабынып, бітеледі. Сондықтан артық күш салынып, бастың ауыруына себепші болады. Сондай-ақ мұрын бітеліп тұрғандықтан тыныс алу кезінде пайда болатын қысымның себебінен де бас ауырады.
Қанға түсетін оттектің жетіспеуінен де бас ауыруы мүмкін. Бұл күйді гипоксия деп атайды. Ол физикалық және ақыл-ой жүктеме кезінде күшейеді.
Мұрын пішінінің өзгеруі
Мұрын шеміршегінің жарақаттық қисаюы кезінде, мысалы, шеміршектердің шығып кетуі немесе сынуы кезінде оның пішіні өзгеруі мүмкін. Мұрын оңға немесе солға ығысады және дөң пайда болады. Әдетте, мұндай жағдай мұрын сүйектері сынған кезде пайда болады.
Қиын тыныс алу
Мұрын шеміршегі қисайған адамдардың көпшілігі мұрын қуысының бір жағымен басқасына қарағанда тыныс алу қиынырақ екенін байқайды. Кейде бұл біржақты тыныс алуға әкеледі. Адам денесіне қажетті барлық ауаны алғысы келеді, бірақ бір жақпен ғана демалу арқылы оны алу қиын. Сондықтан ол ауызбен демала бастайды. Мұрын қуысының бір жағы қалқаның қатты жылжуынан бітеліп қалған болуы мүмкін. Сондықтан тыныс алу кезінде қиындықтар байқасаңыз, бірден дәрігерге көрінген абзал.