Өтірік айтқан сайын адамның мұрыны өседі деуші еді кеңестік мультфилмдерде. Өтірік айтпай-ақ мұрын деген мүше адамның жасы толыққан сайын үлкейеді екен. Нанбасаңыз, Швейцария оқымыстыларының зерттеулерін қарап көріңіз. Олардың тәжірибе жасау операциясына 2500 адам қатысыпты. Нәтижесінде, 97 жастағы адамның мұрыны 30 жастағы адамнан 0,8 сантиметрге ұзын екен. Адам күнделікті тыныс алған кезде сағатына 2,4 шақырым жылдамдықты қажет етеді. Ал, түшкірген кезде, тыныс алу жылдамдығы 170 ш/с дейін артады екен. Мұрынның сол жағы оң жаққа қарағанда иісті бірден сезеді. Сонымен қатар, дүние есігін енді ашқан нәресте ересектерге қарағанда иісті бірінші сезеді. Бірақ, сәби 1 жасқа шыққанда осы сезу қасиетінің 50 пайызын жоғалтады екен. Жас ұлғайған сайын адамның сезу қабілеті нашарлай береді. Бірақ, иісті сезу жасушаларының саны көп болғаны сонша, адам оның азайғанын сезбейді де. Әйтпесе адам 1000 түрлі иісті ажырата алатын қабілетке ие. Сонымен қатар, иісті сезу қабілеті мимен, жадымен тікелей байланысты. Мұрын адамның ішкі ағзасына сыртқы микробтардың кіруінен қорғайтын сүзгіш құрал сияқты. Мұрынның ішкі құрылысындағы түктердің арқасында ішкі ағзаға микробтар, шаң-тозаңдар кіре алмайды. Адамның әдемі ырғақпен, дикциямен сөйлей алуы үшін тыныс алу жолында ешқандай кедергі болмауы керек. Яғни, дыбысты дұрыс шығару үшін мұрынның атқарар қызметі мол. Тұмау адамдар көп ауыратын әлемдегі ең бірінші ауру. Кез келген қарапайым адам жылына кемінде 1 рет міндетті түрде тұмауратады. Кішкентай балалар кемінде 8 рет, ал иммунитеті төмен адамдар 1 жылда 15 рет ауырады екен. Тұмау кезінде адам көп түшкіреді. Сол уақытта мұрындағы көптеген микроб сыртқа шығады екен. Қыстың күні суық температурада ауызбен емес, мұрынмен дем алған тыныс алу процесіне өте пайдалы.