Мүкжидек тек дәмді жидек қана емес, сонымен қатар оның құрамында адам ағзасына пайдалы табиғи антибиотиктер де жетерлік. Бүгін біз сіздерге «Мүкжидекті ауыз қуысы аурулары кезінде қалай қолдануға болатыны?» жайлы айтатын боламыз.
Әдетте мүкжидекті күз мезгілінде жинайды. Бұл жидек еліміздің батпақты өңірлерінде көптеп кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, мүкжидектің құрамында С, В, К, РР витаминдері, эфир майы, минералдар, темір, марганец, йод, пектин, калий сынды элементтер бар екен. Алайда онда кездесетін элементтерді басқа жеміс-жидектерден таба алуңыз екі талай. Себебі мүкжидектің құрамы адам ағзасындағы зат алмасу процесін реттеумен қатар, иммунитетті де нығайтады.
Мүкжидек шырыны. Мүкжидектен шырын жасап, оны емдік мақсатта қолдануға болады. Бұл шырынды ішу арқылы сіз ауыз қуысындағы түрлі жұқпалы бактериялардан құтыла аласыз. Сондай-ақ оның шырыны қызыл иек қабынуы кезінде де өте пайдалы.
Жөтелден құтылуға көмектеседі. Бронхитті емдеу үшін балмен мүкжидек сусынын араластырып, күніне 3 рет тамақтың алдында бір ас қасықтан ішіп отыру қажет.
Сыртқы қолдану. Айтпақшы жидектің сусынымен безеуден, аллергиялық бөртулерден құтылуға болады.
Дереккөз: ozgeshe.kz