- Негізгі бет
- Денсаулық
- МРТ жайлы 5...
МРТ жайлы 5 аңыз
МРТ (магнитті-резонансты томография) – ішкі жүйелер мен органдарға нақты диагноз қоятын әдістердің бірі. Бірақ көпшілік одан қорқады. Халық арасында МРТ жайлы жиі айтылатын 5 аңызды ұсынамыз.
1-аңыз: МРТ мен КТ бір нәрсе
Бұл екеуі екі түрлі процедура. КТ (компьютерлік томография) рентгендік сәулелер әсеріне негізделе жұмыс істейді: ол кеуде жасушалары мен сүйектері органдарының диагностикасын жақсырақ анықтайды. МРТ магнит жұмысына негізделген: ол барлық "ішкі органдарды", яғни қантамырлардан бастап ісіктерге дейін көрсетеді.
2-аңыз. Басқа процедуралардың орнына бірден МРТ жасатқан дұрыс
Әдетте, МРТ-ға басқа диагностика әдістері күмәнді нәтиже көрсеткен жағдайда ғана жібереді. Сондай-ақ, дәрігер мына патологияларға күдік туғанда МРТ өтуді сұрауы мүмкін:
- Бас миының зақымдануы: инсульт, бас пен мойын қантамырларының ауруы, Альцгеймер ауруы, ісік;
- Омыртқа сынығы және жұлын патологиясы;
- Өт қабы, өт шығару жолдары, бүйрек, бауыр, қуық, бүйрек үсті безі аурулары.
3-аңыз: МРТ-ға дайындалудың қажеті жоқ
Аппараттағы сурет анық көрінуі үшін бір орында қозғалмастан жарты сағаттай жату керек болады. Сондықтан МРТ-ның алдында бір-екі сағаттай су ішпеген жөн және аппаратқа жатпастан бұрын дәретханаға барып алу керек.
4-аңыз: МРТ ауыртады
Бұл МРТ жайлы кең тараған қате пікір. МРТ зерттеуі кезінде ағзаға ештеңе тимейді, аппарат магнитті импульстер арқылы ішкі органдарыңызды суретке ғана түсіреді. Сіз ештеңе сезбейсіз.
5-аңыз: МРТ зиян
Бұл процедура кезінде ағзаға рентгендік немесе басқа сәулелер әсер етпейді. Барлығы магниттер арқылы жүзеге асады. Бірақ жүктілік кезінде МРТ жасау ұсынылмайды: ғалымдарда мұндай процедура іштегі нәрестеге қалай әсер ететіні туралы мәліметтер өте аз. Ал басқа адамдарға МРТ өтуге қарсы көрсетілім жоқ.
А. Жапатова