Мойныңыздағы ауырсыну сезімінен арылғыңыз келсе

Мойныңыздағы ауырсыну сезімінен арылғыңыз келсе

Мойыныңыздың қатты ауыратын кездері бола ма? Егер ия деп жауап берген болсаңыз, кезекті мақаламыз сізге арналады. Оның себебі ұйықтаған кезде дұрыс жатпау, бір жерден құлау, жұмыста орындықта дұрыс отырмау сынды түрлі болуы мүмкін. Бірақ оның себебі қандай болса да, төмендегі бірнеше әдісті пайдаланып, ауырсынуды басуға болады.

Мойындағы ауырсыну сезімін емдеу

1. Бұлшық етіңізді баяу жаттықтырыңыз. Оның жеңілдеп қалуы үшін қолыңызбен уқалаңыз. Бұл процесс бастапқыда ұнамаса да, нәтижесінде ауырсыну сезімінен арылуға көмектеседі.

- Мойныңызды алдыға, артқа қозғалтыңыз. Ауыра салысымен бірден доғарыңыз. Бұл рәсім бастапқыда жағымсыз болғанымен, нәтижесінде жеңілдік сыйлайды;

- Мойныңызды оңға, солға қарай қозғалтыңыз;

- Мойныңызбен 8 белгісін салыңыз.


2. Дәрігердің рұқсатынсыз ішуге болатын ацетаминофен, ибупрофен сынды дәрілерді пайдаланыңыз. Алайда 18 жасқа толмаған балаға ацетаминофен бермегеніңіз абзал.

3. Душ қабылдаңыз. Мойныңызды 4-5 минут жылы судың астында ұстаңыз. Душқа түскен кезде мойныңызды тік ұстағаныңыз жөн.

4. Хош иісті тұз салынған ванна қабылдаңыз. Бұл тұздар қан айналымын жақсартып, күйзелістен арылуға көмектеседі. Жылы ванна үшін ағылшын тұзын пайдалануға болады.

5. Жылытқыш жастықты пайдаланыңыз.


6. Мұз. Оны орамалдың ішіне орап, ауырған жеріңізге қоюыңызға болады.

7. Ауырған мойныңызға бальзам жағыңыз. Бальзамның шөптен жасалған, жансыздандыратын, қан айналымды жақсартатын сынды бірнеше түрі бар. Мысалы, теріні қыздыратын «IcyHot» немесе «Namman Muay» бальзамын пайдалануыңызға болады.

8. Мойын тіреуіш. Басыңызды тік ұстап отыра алмайтындай халге жетсеңіз, қалың сүлгіні орап мойныңызға жаға секілді орналастырыңыз.

9. Массаж жасаңыз. Егер ауырсынудан ұзақ уақыт бойы арыла алмасаңыз, дәрігерге қаралып, массажды қалай жасау керектігі туралы кеңес сұраңыз. Мұнымен қатар гидротерапияны пайдалануыңызға болады. Оны судың көмегімен үйде де жасай аласыз. Немесе массажды медициналық спирттің, түрлі эфир майларының көмегімен жасаңыз.

Жалғасы бар ...

Дайындаған: Өмірбек Сансызбаев

Сурет: wikihow.com

Қ. Бүйенбай