Ғалымдар мобильді гаджеттерден пайда болатын аурулар мен адам денсаулығына келтіретін зиянды заттарды үнемі бақылауда ұстап, жыл сайын зерттеп отырады.
Телеграф басылымы хабарлағандай, жуырда ғалымдар смартфондар мен планшеттерді көп пайдаланатындар ағзасынан жаңа ауру анықтады. Оны мамандар «теңіздік киберауру» деп атады.
Дерт белгілері – жүрек айнуы және бас айналуы. Статистика көрсеткендей, әлемдегі мобильді құрылғыларды пайдаланатын адамдардың 88 пайызы осы ауруға ұшыраған. Жоғарыда көрсетілген белгілер экрандағы түрлі элементтердің тез қозғалуы салдарынан туады екен.
Дереккөз: ИА "Казинформ"