Денсаулықты күту, сақтау адам үшін ауыр жұмыс емес, негізі. Қарапайым ғана амалдары бар. Дұрыс тамақтану, зиянды тағамдарды жемеу, зиянды әдеттерді қою, көп қимылдау – осының бәрі қарапайым амалдар.
Сол сынды мидың амандығы мен денсаулығын сақтау да оңай. Егер мидың саулығына көңіл бөлмесе, адам ерте қартаяды, ұмытшаққа айналады, көп ойлана алмайды.
АҚШ ғалымдары ми саулығын сақтаудың мынадай қарапайым 5 жолын ұсынады.
Біріншіден, ұйқыны дұрыстау. Ұйқы қануы тиіс. Адамның миы тез шаршайды, үнемі жұмыс істеп тұратын аппарат болғасын, күнделікті өзіне ғана тиісілі энергиясы бар. Адам ұйықтау арқылы осы энергияны қалпына келтіреді. Егер ми өзін қалпына келтіре алмаса, уақыт өте келе "бұзылуы" мүмкін.
Екіншіден, демалып тұрыңыз. Ой жинақтап, медитация жасауға болады. Мазасыз күйді тастап, ойша демалыңыз, мидан бәрін ысырып тастап, бос күй кешіп көріңіз.
Үшіншіден, ішімдікті доғару керек. Мидың қабынуына әкелетін де – спирт ішімдіктері.
Төртіншіден, көп қимылдау қажет. Физикалық жаттығулар мән беріңіз. Серуендеңіз, жаяу жүріңіз.
Бесіншіден, ми тәуекелді жақсы көреді, сондықтан бір нәрсені шеше алмай, мазасыз күйге түсіп, депрессияға берілгенше, істі тезірек шешу керек. Ми күйзелісті ұнатпайды, бірақ тәуекелге бел буып, тез шешім қабылдағанды жақсы көреді. Ең қызығы да сол – сол тез шешімнің арқасында істің қате-дұрыстығын біліп, содан ми сабақ алады. Ал бұл алдағы уақытта тағы күйзеліске түспеуіне мүмкіндік беретін багаж болады.