Адамның жасы ұлғайған сайын жаңа ақпаратты қабылдауы нашарлап, бір нәрсені үйренуге талпынысы азая түседі. Мидың дамуын тоқтатпау үшін XOXO басылымы ұсынған мына кеңеске жүгініңіз.
Жаңа істі істеуден қашпау. Дүкенде сіз жақсы көретін дәмі бар йогурт бітіп қалса басқасын алудан қашпаңыз. Жаңа сезім нейронды байланыстарды нығайта түседі. Бұл барлық іске қатысты.
Жаңа жол. Жұмысқа бір бағытпен баруды доғарыңыз. Басқа жолмен жүріп, автобусты ауыстырып, жаяу да, көлікпен де жүріңіз. Бастысы бір сарынды өмірден сақтаныңыз. Сонда ғана миыңыз күтпеген жағдайға тез бой үйренісуге дағдыланады.
Жаңа таныстық. Жаңа достар тауып, құрбы-құрдастарыңыздың, әнгіме-дүкен құратын таныстарыңыздың санын арттырыңыз.
Балалар. Миыңызды бір "шайқап" алғыңыз келсе балаларыңызбен сөйлесіңіз. Көбірек әңгіме-дүкен құрғаныңыз өзіңізге пайдалы. Балалардың ойлау қабілеті өзгеше болғандықтан сіздің миыңызға біраз салмақ түсіретіні анық.
Үй жануарлары. Итіңізбен бірге серуендеу не мысығыңызбен ойнау миыңызға бір сәтке болсын демалуға мүмкіндік береді.
Сыни көзқараспен қарамау. Үнемі әр нәрсеге сыни көзқараспен қараған да дұрыс емес. Кейде істі тек жақсы жағынан қабылдауды да үйрену керек.
Сөйлеу мәнерін өзгерту. Тек жақсы ойлап қана қоймай, дұрыс сөйлеуге де үйрену қажет.
Жаңа иіс. Күнде қолданып жүрген парфюмнің иісін бір сәтке өзгерткен де дұрыс. Сіз байқамаған иіс өміріңізге басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Жаңа тіл үйрену. Мидың дамуын тоқтатпаудың жолы – тіл үйрену.