- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Мен сабын жеймін..."...
"Мен сабын жеймін..."
"Мен сабын жегенді ұнатамын, ол маған есірткі сияқты", - деп 19 жасар қыз ағынан жарылады. Дәрігерлер бұл құмарлықтан қорқып отыр. Олардың айтуынша, сабынға тәуелділік бойжеткеннің денсаулығына ауыз толтырып айтарлықтай залал келтіруі мүмкін. Тіпті оның өліміне де сабын себепші боларын баса айтуда. Бірақ оны тыңдап, елейтін қыз жоқ. Сабынға деген махаббаты күн сайын өршіп барады. Сабынқұмар бойжеткен оны тамақ орнына пайдаланып қарын тойғызады. Әрине, бұл оның еркіндегі дүние де емес. Ішкі ағзасы қалап тұрған соң, амалсыз аузына алады. Күнделікті тіскебасары ретінде сабынды таңдаған жас қыздың денсаулығы әлемді алаңдатып отыр.
Сабын десе, аузының суы құритын оның есімі - Темпест Хендерсон. Флорида қаласының тұрғыны.
Сабынды қанша мөлшерде пайдаланады? Темпест аптасына 5 дана сабынды асқазанына жеткізетін көрінеді.
Темпест: "Маған сабын беретін тазалық ұнайды. Мен оны жегенде жуынғаннан гөрі тазарып қаламын."
Айтпақшы, ол кір жуғыш ұнтаққа да "жоқ" демейді.
Сабын мен кір жуғыш ұнтаққа үйір болған оның денсаулығы енді қалай болмақ?..
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: bigpicture.ru
А. Әбілхан