- Негізгі бет
- Денсаулық
- Медицинаны өзгертуі мүмкін...
Медицинаны өзгертуі мүмкін 5 стартап
Адамзат жаралғалы адам өз жастығы мен күшін сақтап қалу, барлық аурулардан құтылу жолдарын іздеп келе жатыр. ХХІ ғасыр технологиясы мен медицинасы қартаюды тоқтату жолы мен алдын алуды әлі таппаса да басқа идея мен өнертабыстар әлемді өзгертіп жатыр. Бүгінгі өркениет – техника жетістіктері мен нанотехнологияны медицинада қолдану бұрын ертегі сияқты естілетін дүниелерді көз алдымызда жасауда. Төменде біз болашақта медицинаны өзгертетін 5 стартап туралы айтып өтеміз.
TytoCare стартапы
Бұл стартапты ойлап табуға Дэди Гилад кішкентай қызымен кезекті дәрігерге қаралуға баруы түрткі болды. Дэдидің қызы аяқ астынан ауырып қалатын және оған міндетті түрде дәрігер көмегі керек болатын. Қызын құлақ ауруы мазалайтын.
Дәрігерге қызын көрсету үшін бірнеше сағат кезек күткен Дэди өз қызы сияқты көптеген адамдар кез-келген уақытта дәрігер кеңесі қажеттілігін және бұл туралы дәрігермен қашықтықтан байланысты жолға қою ең жақсы жол екенін түсінеді.
Осылай TytoCare стартапы өмірге келді. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда жасөспірімдердің виртуальді түрде құлағын, тамағын, жүрегін, және өкпе сияқты ішкі ағзаларын медициналық тексеруден өткізуі, реал медициналық тексеруден бірде-бір қалыспайды екен.
Бүгінгі күнде стартап жақсы нәтижелерге жетті. Оған салынған инвестиция 45 миллион доллардан асып кетті.
GlucoMe стартапы
Бұл жоба қант диабетімен ауыратын адамдардың қажеттілігін есепке алып жасалды. Науқасқа дәрігермен үнемі байланыста болып тұруы үшін "бұлтты" платформаға ие болған қан үлгісін алып тұратын сымсыз құрылғы беріледі. Науқас гаджет арқылы қанындағы глюкоза санын өлшей алады. Барлық мәліметтер автоматты түрде құрылғы миында сақталып отырады. Дәрігер кез-келген уақытта талдау нәтижесін көріп, емделу үшін науқасқа кеңес бере алады.
EyeControl стартапы
Бұл стартапты жасағандар мүлде мүгедек болып қалғандар басқалармен қарым-қатынас жасай алулары үшін ерекше көзілдірік ұсынды. Көзілдірікке орнатылған инфрақызыл камера науқас көзінің қозғалысын анықтап, оларды жазба сөзді дауысты сөздерге айналдыратын экранға жібереді. Бағдарламада адамның қарапайым қалауларын есітуге болады. Мысалы біз күнделікті қолданатын: "ыстық, суық, су ішемін" т.б. осы сынды белгілер бар.
Стартап қысқа уақытта көптеген халықаралық сыйлықтарға ие болды. Мұны жасаушы өнертапқыштар көзілдіріктің жақын болашақта медицинада кеңінен қолданылып, науқас адамдардың "ваккумнан" шығуына көмектеседі деген үмітте.
Surgical Theatre стартапы
Адам миына ота жасайтын хирургтер отадан соң қатты күйзелісте болады. Себебі нәтижелер әрқашан жақсы бола бермеуі мүмкін. Осы себепті дәрігерлер сынақ оталарын жасау үшін немен айналысу керек екендігін түсіну үшін хирургтерге арнап 3D VR-платформасын жасап шығарды.
Бағдарламамен бір уақыттың өзінде бірнеше дәрігер бірден ота жасай алады. Жұмыс соңында хирургтер нәтижелер туралы пікір алмасып, туындаған қиындықтарды бірлесе отырып шешеді.
Surgical Theatre сегіз жылдан бері нәтижелі жұмыс жасауда және осы уақыт аралығында дамуы үшін 10 миллион доллардан артық инвестиция тарта алды.
PillCam стартапы
Бұл ерекше құрылғы адамның ішкі ағзаларында болып жатқан өзгерістерді ота жасамай-ақ білу үшін жасалып шыққан. PillCam асқазан-ішектегі жалпы процесті тексеруге көмектеседі. Асқазан, тоқ ішек пен ащы ішектерді үйрену үшін үш түрлі капсула жасалған.
Сымсыз ұзатуға ие бұл капсулалар іштегі түрлі аурулар, қан кетулерді анықтауға өз септігін тигізеді. Компьютер барлық мәліметті дер кезінде дәрігерге жіберіп отырады. Бүгінгі күнде капсулалар бағасы 500 доллар. Бірақ капсуланы жасаушылар уақыты келіп адамдар қажеттілігіне байланысты баға өседі деп отыр.
Т. Раушанұлы