- Негізгі бет
- Денсаулық
- Медициналық сақтандыру қорына...
Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна сомасы 2,39 млрд теңгеден асты
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған болатын. Биылғы аударымдар мен жарналарды жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық құқықтық сипаттағы келісімшарт негізінде жұмыс істейтін азаматтар төлейді.
2017 жылдың 17 тамызын қоса алғанда, Қорға түскен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының жалпы сомасы 2,39 млрд теңгеден асты. Бұл туралы жүйенің ресми сайты хабарлады.
Осы айдың басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 1,59 млрд теңгеден астам қаржы түскен.
Түскен түсімдердің 69,1% жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 30,9% - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Астана қаласы көш бастап тұр.
О. Сансызбай