Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) негізгі қағидаларының бірі қоғамдық ынтымақтастық және әлеуметтік әділеттілік болып табылады – барлық азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаттары есебінен медициналық көмек алуға тең құқылы. Сондай-ақ, МӘМС-ті енгізу арқылы халық өз таңдауы бойынша, кез келген мемлекеттік немесе жеке клиникадан медициналық көмек алу құқығына ие болады. Яғни, медициналық ұйым мен дәрігерді еркін таңдауға азаматтардың құқықтары іске асырылады. Сәйкесінше, барлық медициналық ұйымдар қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетуге мүдделі болуы тиіс.
№9 Қалалық емхана ағымдағы жылы Сапа айлығының шеңберінде емхана ұсынатын медициналық қызметтердің қолжетімділігін, сапасын және уақытылы көрсетілуін жоғарылату, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, этика мен деонтология бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.
Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінде 32 жылдық жұмыс тәжірибесі бар № 9 Қалалық емхана қала тұрғындарына сапалы және жоғары кәсіби қызметтердің кең ауқымын ұсынып отыр.
– Тұтастай алғанда, емхана жалпы саны 40874 адамы бар халыққа қызмет көрсетеді, - дейді №9 Қалалық емхананың бас дәрігері Әсем Мұсабаева. 2010 жылдан бастап емхана Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкес келуіне аккредиттеу рәсімінен екі рет сәтті өткен. Бүгінгі таңда емханада 276 білікті маман, оның ішінде жоғары медициналық білімі бар 87, орта медициналық білімі бар 115, 4 психолог, 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Емдеу ғимараты заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осы жылы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы емхана үшін 12 арналық ЭКГ аппаратын, криохирургия аппаратын, қазіргі заманғы қымбат тұратын медициналық жабдық - «СИМА» рентген маммографиялық сандық кешенін орталықтан сатып алды. Ол дербес компьютер мониторының экранында және рентген түсірімдерінде рентген бейнесін тіркеу және көзбен шолудың сандық әдістерін пайдалана отырып, сүт безінің рентгенографиясын жасауға арналған.
Пациенттерді сәйкестендіру және құжаттарды ресімдеу уақытын қысқарту үшін кардридерлер орнатылған. Сонымен, емханада тіркеу бөлімінде ересек тұрғындарға қызмет көрсететін қосымша жаңа операциялық зал жұмыс істейді, сонымен қатар жаңа, кең, әрі халыққа жайлы балалар тіркеу бөлімі ашылды. Емханада мейірбикелердің науқастарды өздігінен қабылдау алгоритмі енгізілген, созылмалы ауруы бар пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, емханада және үй жағдайында халықты ақпараттандыру және оларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бойынша психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер белсенді жұмыс жүргізіп отырады.
Емханада Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Бұл қызметтің негізгі міндеті – халықтың қанағаттану деңгейін арттыру және медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында түйткілді мәселелерді анықтау және жедел түрде шешу болып табылады.
№ 9 Қалалық емхана қызметінің басым бағыттарының бірі азаматтардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу мен оны ерте анықтау, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау, тұрғындар арасында өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік туралы ақпарат беру және оны қалыптастыру болып табылады.
Емханада профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі қызмет көрсетеді, оның құрамына Халықты қолдау орталығы кіреді. Мұнда әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар консультациялар жүргізеді, сондай-ақ мұқтаж адамдарға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар үйде мүгедек пациенттерге және тұрғындарға көмек көрсетеді.
Емхананың барлық жұмысы бүкіл адамзатқа қадiр-қасиет пен құрмет, әріптестік деген басты үш қағидаға негізделген пациентке бағдарлы медициналық көмекті амбулаториялық-емханалық деңгейде енгізуге бағытталған!