- Негізгі бет
- Денсаулық
- Медицина: гормональды препараттар...
Медицина: гормональды препараттар
Фото:
rl.ru
Гормондар – ішкі секреция бездері бөлетін биологиялық белсенді заттар. Олар гемостазды қалыпты жағдайда ұстауда, ағзаның әр түрлі қызметінің гормондық реттелуінде маңызды қызмет атқарады. Гормонды дәрілер негізінен ішкі секреция бездерінің жеткіліксіздігінде орынбасушы терапия ретінде тағайындалады. Гормонды препараттары ішкі секреция бездердің жеткіліксіздігімен байланысты емес әртүрлі патологиялық жағдайларда (глюкокортикоидтарды, қабынуға және аллергияға қарсы дәрілер ретінде) белгіленуі әбден мүмкін.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының препараттары
• Кортикотропин – 10;20;30 және 40ӘБ құрғақ зат. Оны 2мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1мл-ден тәулігіне 3-4 рет қабылданады; 0,9% 500мл NaCL ерітіндісімен бірге тамшылатып енгізіледі.
• Самототрапин – 2-4ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 0,25% мл новокаин ерітіндісі арқылы ерітіп; 1-2 мл аптасына 2-3 рет енгізіледі. Гипофизарлы ергежейлік кезінде қолданылады. Қатерлі ісікте қолдануға болмайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары
• Интермедин – 0,05 және 0,1флаконда, 1-2 мл еріткіште ерітеді; көз тамшысы – 3 тамшыдан; 0,2- 0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қараңғыға бейімделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде гемаралопияда, жоғары дәрежелі миопияда қолданылады. Пигмент алмасуын реттейтін меланоформды гормонға сәйкес келеді.
Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары
• Окситоцин, питуитрин – жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігінде қолданылады.
• Адиурекрин – 5мл флаконда 2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мұрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда қолдануға болмайды. Себебі құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарылату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар.
Қалқанша безі гормонына арналған препараттар:
• Тиреоидты препараттар гипертереозда, миксидема, эндемиялық зобта, семіруде, кретинизмде, қалқанша безінің ісігінде қолданылады.
• Тиреодин - 1-2 таблетка тәулігіне 1-2 рет тәуліктің бірінші жартысында тамақтан соң ішуге белгіленеді.
• Тироксин – 0,0001 таблеткадан шығарылып, тәулігіне 1-2-н қабылдау ғана белгіленеді.
• Қиыстырылған препараттар: «Тиреотом», «Тиреокомб», «Йодтирикс».
Жанама әсері: тахикардия, дене қызуының көтерілуі ж/е терлеу байқалады.
Эндемиялық зобта йод препараттарын қолданады. Олар: калий йодиді, йодбаланс, йодамарин, «Антиструмин».
Антитиреодтар дәрілер уытты шашыраңқы жемсауда қолданылады.
Мерказолил – 1-2 таблетка тәулігіне 1-4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Пропилтиоурацил(пропицил) – 0,005 таблетка салмағы. Тәулігіне 3-6 рет тамақтан соң белгіленеді.
Жанама әсері: лейкопения. Екі препарат та жүктілікте, емізулі әйелдерге және айқын лейкопенияда қолдануға болмайды.
Жанама әсері: тахикардия, дене қызуының көтерілуі ж/е терлеу байқалады.
Эндемиялық зобта йод препараттарын қолданады. Олар: калий йодиді, йодбаланс, йодамарин, «Антиструмин».
Антитиреодтар дәрілер уытты шашыраңқы жемсауда қолданылады.
Мерказолил – 1-2 таблетка тәулігіне 1-4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Пропилтиоурацил(пропицил) – 0,005 таблетка салмағы. Тәулігіне 3-6 рет тамақтан соң белгіленеді.
Жанама әсері: лейкопения. Екі препарат та жүктілікте, емізулі әйелдерге және айқын лейкопенияда қолдануға болмайды.
Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
• Минералокортикоидтер (альдостерон) ағзадан Na, Cl иондарының және судың жиналуы мен K иондарының шығарылуын күшейтеді.
• Дезоксикортикостерон ацетаты - 0,005 мг таблетканы күнде немесе күнара тіл астына; 0,5% 1мл майлы ерітіндісін күнара 1-2 мл-ден енгізіледі.
• Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллегияға қарсы жәнее иммунодепрессивті, шокқа қарсы антитоксикалық әсері бар. Ревтматизмде, ревматоидты артритте, радикулитте, коллагенозды, бронх демікпесінде, панкреатитте, лейкозда, экземада, геморройда, Аддисон ауруында, сонымен қатар, тері ауруларында кеңінен қолданылады.
• Гидрокортизон ацетаты - 2,5%-дық 2мл суспензия амуласы шығарылып, 0,2-0,3-1мл аптасына 1рет буын қуысына енгізесіз.
• Преднизолон – 0,001 және 0,005 милиграмдық таблетканы тәулігіне 2-3 рет қолданасыз.
• Жақпа майлары: «Флуцинар», «Синалар», «Лоринден», «Дермазолон», «Гиоксизон», «Элоком», «Фторокорт».
Аэрозолдар: «Бекломет», «Пульмикорт», «Ингакорт», «Серетид».