Медицнасы дамыған елдердің халық да жақсы өмір сүреді. Бұл туралы алдыңғы ақпаратта көрсетіп өттік. Ал ендігі бестік ішінде кімдер бар? Олардың ерекшелігі неде? Осы турасында ақпарат береміз. Басы Испания Испания медицинасы дамыған технологиясымен және ең білікті кадр, ең мықты дәрігерлерімен белсенді. Дәрігер болу үшін үлкен сынақтардан және тәжірибеден өтесіз. Адам өміріне жауапкершілікпен қарайтын елдегі медицинаның дамуы үздік ондық ішінен орын алуына септігін тигізіп отыр. Израиль Бұл елдің медицинасын бүкіл әлем біледі. Себебі мұнда шеттен келіп емделетіндердің саны жыл сайын артпаса, төмендеген емес. Елдегі медицина ең жоғарғы технологиямен жабдықталып, дәрігерлер үздіксіз жұмыс жасайды. Өздерінің авторлық дәрілері, емдері мен түрлі ерекшеліктері бар. Жапония Экономикасы қазірге кезде әлем бойынша І орынды бермей тұрған Күн шығыс елінің медицинаға да салғырт қарамайтыны белгілі. Одан қала берді, технологиясы дамып, роботтар қызмет ететін елде қазір оталарды да роботтар жасай бастаған. Сондықтан болар, жапон медицинасы әлемдегі технологиялық жағынан ең дамыған сала ретінде көрініс табады. Сингапур Сингапурдағы медицина мемлекеттік тараптан гөрі, жеке өз алдына сала ретінде жақсы дамыған. Жекеменшік ауруханалар мен медициналық орталықтардың халыққа қызмет көрсетуі өте жоғары деңгейде.Әлемдегі дамыған елдердің ішінде Сингапур аты аталса президентінен бастап халықтың экономикалық жағдайы сөз болатын. Енді міне үздік ондықта медицинасымен де көзге түсті. Гонконг Бұл елдің де медицинасы өте жақсы дамыған әрі халқының өмір сүру орташа жасы да алдыңғы шептен көрінген елдермен тең. Мұндағы медицина негізінен қытай медицинасына жақын.