- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мазасыздықтан арылуға көмектесетін...
Мазасыздықтан арылуға көмектесетін 2 тамақтану әдеті
Біздің жейтін тамағымыз ментальды денсаулығымызға тікелей әсер етеді. Ендеше, тамақтың көмегімен мазасыздықтан қалай арылуға болады?
British Journal of Nutrition ғылыми баспасына жарияланған зерттеу авторларының айтуынша, диетаның психикалық денсаулыққа әсері қоректік заттардың біздің когнитивті процестерді қалай ынталандыратынына байланысты. Өткен зерттеулерге сай құрамында қоректік заттары аз тағам когнитивті функцияларға жағымсыз әсер етеді.
Жаңа зерттеу барысында Ұлыбританияның 428 тұрғыны онлайн-сауалнамадан өтеді. Ол жерде олардың тағамдық әдеттері, психологиялық денсаулығы және когнитивті функциялары бағаланды. Қатысушылар соңғы бір айда күніне жемістер, көкөністер, тәттілер (мысалы, торт тілімі, печенье) және тұзды тіскебасарларды (мысалы, қытырлақ картоп) қаншалықты жиі жегендерін көрсетті. Сондай-ақ олар депрессия, мазасыздық, күйзеліс және психологиялық жағдайларын бағалау үшін тесттен өтті.
Тамақтың көмегімен мазасыздықтан қалай арылуға болады?
1. Жиі жемістер жеңіз
Жиі жемістер жеу (олардың мөлшері емес) адамның психологиялық амандығына жағымды әсер ететіні анықталды және депрессия қаупін төмендетті.
2. Тұзды және ащы тамақтан бас тартыңыз
Ащы немесе тұзды тіскебасарлар жеу мазасыздықтың дамуымен байланысты екені анықталды. Сондай-ақ ащы және тұзды тіскебасарлар жеген қатысушылар когнитивті бұзылыстарды жиі сезінетіні байқалған. Яғни, олардың зейін қою, есте сақтау және қабылдау қызметтері әлсіреген.
А. Жапатова