"Мазасыз болсам, тамақ жей берем": Күйзелістен тез құтылу үшін рационға не қосу керек? Маман жауабы

"Мазасыз болсам, тамақ жей берем": Күйзелістен тез құтылу үшін рационға не қосу керек? Маман жауабы
Фото: freepik

Стресс қазіргі адамның тұрақты серігіне айналғаны жасырын емес. Түрлі індеттер, соғыстар, өмірдің ессіз ырғағы, ақпараттың шамадан тыс жүктелуі - мұның бәрі біздің эмоционалдық әл-ауқатымызға қатты әсер етеді. Біз алаңдай береміз, ал стресс дененің өзін-өзі реттеу механизмдерін бұзады және  ұйқы мен сергектіктің табиғи циклінің өзгеруі, өнімділіктің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, гормонның тұрақты ауытқуы  т.б. алып келеді. Мұндайда қандай тамақ жеген дұрыс?

Анти эйдж дәрігері Сманова Ұлжалғас: "Жалпы стресстік жағдайда, біреуге ренжіп отқан адам, тамаққа бейім келеді. Сонымен ашуын басқысы келеді. Бірақ дәл сол сәтте үстелге отырған дұрыс емес. Себебі, қандай пайдалы тамақ жесеңіз де, әр жұтқан ренішіңіз ағзаға у боп тарайды.

Ең алдымен адам таза ауаға шығып серуендеп келуі керек. Ең дұрысы сол. Содан кейін ғана пайдалы жеміс-жидек, салаттар жегені жөн. "Ас – адамның арқауы" деген сөз бекер емес"-дейді. 

Магний
Магний стресспен күресуге, амин қышқылдарынан ақуыз құруға және тағамнан энергия алуға көмектесетін, бүйрек тастарының пайда болуынан қорғайтын және ас қорытуды жақсартатын маңызды минералдардың бірі саналады.
Магний тапшылығын болдырмау үшін рационыңызға шпинат, қарақұмық, жаңғақтар, жарма (қарақұмық, сұлы жармасы, тары), бұршақ және теңіз балдырларын қосыңыз – олар осы бағалы минералға бай.


С дәрумені
Сондай-ақ С дәрумені шаршауды азайтуға және жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді.Оның ең көп мөлшері бүйрек үсті бездеріне кортизол өндірісі үшін қажет. Дәл осы себепті С дәруменінің қоры күйзеліс кезінде әбден таусылады. Сіздің диетаңызда әрқашан болгар бұрышы, брокколи, жаңа піскен және ашытылған қырыққабат, киви, апельсин, лимон және осы витаминнің басқа көздері болуын қамтамасыз етуге кеңес береміз.


В5 дәрумені
Барлық В дәрумендері стресске төзімділік үшін маңызды, бірақ В5 витамині тыныштықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Ол лосось, тауық бауыры, авокадо және күнбағыс тұқымдарында болады.
Егер сіз тағаммен пантотен қышқылының нормасын ала алмасаңыз, онда біз диеталық қоспаларға назар аударуға кеңес береміз. Ең бастысы, алдымен дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

А. Оралқызы