Бас мемлекеттік санитария дәрігер, Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова маймыл шешегінен қалай сақтану керектігін айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің 1600 расталған, 1500 расталмаған жағдайы туралы мәлімдеді. 23 маусымда ДДСҰ шұғыл жиналыс өткізеді, онда сарапшылар маймыл шешегінің халықаралық төтенше жағдай тудырғанын талқылайды.
Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға қауіпті инфекцияны жұқтырмаудың жолдарын айтты:
Сондай-ақ, шетелден келген кезде бірнеше апта бойы өз жағдайын бақылауға, симптомдар пайда болған жағдайда дереу дәрігерлерге хабарласуға шақырады.