- Негізгі бет
- Денсаулық
- Массаждың қандай пайдасы...
Массаждың қандай пайдасы бар?
Массаж - бұл жағымды және босаңсытушы процедура ғана емес, әртүрлі ауруларды емдеудің бір әдісі. Оның көмегімен сынықтарды емдеуден кейінгі аяқ жұмысын қалпына келтіруге, остеохондроз кезіндегі ауырсынуды басуға, бас ауруын кетіруге және т.б ауруларды емдеуге болады. Сол үшін де хирургтерден бастап косметологтарға дейін терапиялық және оңалту курстарына қосымша массаж алуды ұсынады. Массаждың пайдасы көп, алайда оның негізгі 7 әсерін ұсынуды жөн көрдік.
- Қан мен лимфа ағынын жақсартады. Массаж қанайналымды ынталандырады, лимфа айналымын да қалыпқа келтіреді. Қанайналым қалыпқа келгендіктен, ағза шлактардан тазарады;
- Қысым ретке келеді. Массаж әртүрлі тіндер, бұлшықеттер арасындағы сұйықтық алмасуын жақсартады. Соның есебьінен қысым ретке келеді;
- Бұлшықеттердің қалыпқа келуі жылдамдайды. Массаж бұлшықет тініне белсенді әсер етеді, бұлшықеттердің қанмен қамтамасыз етуі жақсарады;
- Бастың ауырғанын кетіреді. Біз бір орында ұзық немесе ыңғайсыз отырғаннан қанайналым бұзылады, мойын тұсындағы жүйке ұштары қысылып қалады. егер басыңыз жиі ауыратын болса, массаж одан арылуға көмектеседі;
- Ұйқы сапасын жақсартады;
- Массаж жақсы көрінуге көмектеседі. Жиі массаж алатын адамдар өз жасынан жас көрінеді;
- Массаж ауырсынуды басады.
Кез келген процедураға қарсы көрсетілім болады. Қай кезде массаж алуға болмайтынын мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова