Масалар бір адамдарды көп шақса, екіншісін керісінше аз шағады. Мамандардың сараптамасы бойынша жер бетіндегі адамдардың 20 пайызы масалар үшін аса тартымды. Осы күндері масаларға қарсы тек спрей ғана ойлап табылды.
Ғалымдардың зерттеуінше, масалар адамдарды төмендегі себептерге байланысты көбірек шағады:
Қанымыздан ақуызды алу мақсатымен шағатындықтан, кейбір қан топтары дәмдірек болатыны таң қалдырмайды. Басқа қан топтарына қарағанда, бірінші қан тобындағы адамдар масаға көбірек таланады екен. Бұдан кейінгі орында үшінші топтағылар тұр.
85 пайыз адамдар қаны туралы масаларға мәлімет берсе, 15 пайызы олай жасамайды. Мұнымен қатар масалар өз құрбандарын тыныс алған кезде бөлініп шығатын көмірқышқыл газы арқылы іздеп табады. Ауыз қуысының ерекше құрылысының арқасында көмірқышқыл газын 50 метр жерден сезеді. Балалар көмірқышқыл газын үлкендерден аз мөлшерде талап ететіндіктен масалардың назарына ілікпей азырақ таланады. Және көмірқышқыл газына қоса сүт қышқылы, аммиак, несеп қышқылы және өзге де термен қоса шығатын заттектердің арқасында шағуға болатын адамдарды тез табады. Оларды температурасы жоғары адамдар қызықтырады. Сол себепті физикалық жаттығулар жасайтын адам ағзасындағы сүт қышқылының мөлшерін арттырып, массаларды өзіне тарта түседі.
Ғалымдардың анықтауынша, масалар шағуына терідегі бактериялар да әсер етеді. Бактериялар аз орналасқан жерлерге жоламайтыны да қызық. Олар үнемі тобықтың айналасын, балтырдың төменгі жағын шағатындарын осымен түсіндіруге болады.
Бір шөлмек қана сыра ішсеңіз масалардың жеміне айналасыз. Бұған қарамастан зертеушілер тердің әсерінен этанолдың көп мөлшерде бөлінуі немесе дене қызуының көтерілуімен байланыстырады. Алайда бұл екеуінің де ішімдікпен арақатынасы болмағандықтан, мас адамды неге көп талайтыны ғалымдар үшін әлі де жұмбақ.
Қатардағы зерттеулер аяғы ауыр әйелдердің де масаларға көбірек таланатынын анықтады. Оның себебі: жүкті әйелдер 21 пайызға артық көмірқышқыл газын бөліп шығарады және олардың дене қызуы үнемі жоғары болады.
Киім түсі
Масалар иіс сезу мүшелерімен қатар көру мүшелерін де жақсы пайдаланады. Егер қара, көк, қызыл киімдер киіп жүрген болсаңыз, олар сізді бірден тауып алады. Бұл тұжырымдаманы енгізген Флорида университетінің энтомологі Джеймс Дэй (James Day).
Табиғи репелленттер
Көптеген мамандар кейбір адамдарды масалардың мүлдем шақпайтындығына таң қалада.: "Соның себебін анықтап, келесі ұрпаққа табиғи репелленттер ойлап табуға болатын еді" дейді. Ұлыбританияның Ротамстед зертханасының мамандары осы адамдардың хромотографиясын пайдалана отырып масаларға мүлдем ұнамайтын заттектерді анықтады. Осы заттектерді жәндіктерге қарсы қолданылатын спрейдің құрамына қосып қойсақ, спортшылар да, жүкті әйелдер де, қара түсті киімдерді ұнататындар да масалардан біржолата құтылатын еді.
Массалар шақпас үшін:
- Жәндіктер насыбайгүл, эвкалипт, қалампыр, бәден өсімдіктерінің иісінен қашады. Осылардың майын денеңізге жағып қойсаңыз масалар жоламайды.
- Бөлме ішіне насыбайгүл мен мойыл жапырақтарын турап қойсаңыз болады.
- Түтіннің иісін жеккөреді. Сол себепті жатар алдында бөлмеге арша жақсаңыз болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: nosakara.ru