Маса – жаздың кезекті жағымсыз жақтарының бірі. Масаның шағуы біреулерге байқалмайтын болса, басқаларды жараға айналып, мазалайды. Маса шағып алғанда, не істеу керек?
Қызықты жайт: масалардың тек ұрғашылары ғана жануарлар мен адамдарды шағады екен. "Ер" масалар гүлдің шәрбатымен қоректенеді. Ал ұрғашы масаларға қан тұқым қалдыруы үшін қажет.
Масалар өзінің құрбанын қимылдар, денесі бөлетін жылу мен иісі бойынша іздеп анықтайды. Адам не жануардың терісіне қонғаннан кейін ол қан ағатын кішкентай капиллярлар іздей бастайды. Тапқаннан кейін маса шағып, 30 секунд - 1 минут аралығында қан сорады.
Масаның шаққан жері неліктен ауырып, қышып, маза бермейді? Ол масаның сілекейіндегі заттарға байланысты екен. Адам ағзасы маса сілекейінің құрамындағы ақуыздарға кері әсері ретінде терісі бөртіп, қыши бастайды.
Маса шаққан жердің қышығанын мен ісігін басу үшін мына кеңестерді қолданып көріңіз.
Қол астында дәріханалардан алынған арнайы майлар болмаса, маса шаққан жерге қарапайым қолданылған шай қалташасын басуға болады. Шайдың құрамындағы танин деген зат ісінуді баса алады.
Масаның шаққан жеріне суық басқан дұрыс. Ол үшін мұз кесегін, не мұздатылған көкөністер, кез келген мұздатылған затты ала аласыз. Суық ісінуге тез әсер етіп, ауруын қойдырады.
Шай ағашының майы жақсы антибактериалды, ісінуге, вирустарға қарсы құрал. Арулар шай ағашының майы қосылған косметиканы жиі қолданады. Егер сізде де сондай косметикалық құрал болса (лосьон, тоник, май), оны маса шағып алған жерге жағыңыз. Ол жараның қышығанын қойдырып, тез кетуіне көмектеседі.
Сүт өнімдері: кефир, қаймақ, сүт те теріні тыныштандырады.
Маса және басқа да жәндіктердің тістеген жерін ас содасының ерітіндісімен емдеуге болады. 1-2 шай қасық ас содасын бір стақан суға ерітіп, оған мақтаны малып, жараны басыңыз.
Бор немесе салицил қышқылы маса шаққанда көмектесе алады. Сондай-ақ қырмызы қайнатпасы, корвалол, валокардин сынды дәрілерді жараға жағу арқылы ісікті баса аласыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: facte.ru