Мәңгілік өмір сүру мүмкін бе?

Адам баласының ең басты қорқынышы - өлім. Мәңгілік өмірге қол жеткізу үшін бағзы заманнан адамдар түрлі әдіс-тәсілдер іздеген. Жер жаһанның түкпір-түкпірінде ғалымдар зерттеулер жүргізіп, нәтижеге жеткісі келеді. Соңғы ғасырдағы ғылымның дамуына қарамастан адамзат үшін мәңгілік өмір мен өлім белгісіз болып қала бермек. Алайда қазірдің өзінде ғалымдар мен зерттеушілер мәңгі өмір сүрудің бірнеше гипотезалық жолдарын ұсынады.

Мұзға қатыру

Алғаш рет адам баласы бұл қадамға 1967 жылы барды. 1973 жылы америкалық психология профессоры Джеймс Бедфордтың өкпесінен қатерлі ісік тапқан. Алдымен оның денесін қорғаныш ерітіндімен өңдеп, алдымен Цельсия бойынша –79 градус болатын мұзға, сосын –200 градусқа дейін жететін сұйытылған азотқа қатырған.

Осы сәттен бастап криониктер 12 қаңтарды "Бедфорд күні" деп атап өтеді. Әлі күнге дейін бұл әдістің растығы дәлелденбеген. Алайда оның жақтастары күн өткен сайын артып келеді. Қазірдің өзінде әлем бойынша жүзден астам адам өзінің кезегін күтуде.

Денесін қатыруға бел буған адамдардың миының өлгенін анықталғаннан соң ғана бұл әдісті қолданады. Өйткені тірідей адамды қатыру - өліммен тең.

Клондау

Бұл қайта тірілу дегенді білдірмейді. Тек өзіңнің ұқсас клоныңды жасайсың. Қалай дейсіз ғой? Ең танымал әдісі — "ядроны көшіру". Ұрықтанған аналық жасушаның ядросы алынып, орнына өзін клондағысы келген адамның ДНҚ-сы орнатылады. Ғалымдар Долли есімді шотландиялық қойды сәтті клондап шығарған.

Бірақ бұл әдіске әлем елдерінің басым бөлігінде тыйым салынған. Әзірге швейцариялық банк адамдардың ДНҚ-сын 400 долларға қабылдайды. Олар адам геномы мен болашақта клон қайдан шыққанын білу үшін ақпаратты сақтайды.

Мен — компьютермін

Швейцариялық ғалымдар мәңгілік өмірдің сыры – тұлғаны виртуалды әлемге көшіру. Мәңгілікке. Компьютерге. Лоззана университетінің зерттеушілері мен IBM компаниясының біріккен жобасы Blue Brain Project (Көк сана) деп аталады. Мақсаты - мидың барлық бөлігін сканерлеп, ақпаратты электронды тасымалдаушыға көшіру. Тіпті, осы бағытта сеттлеретика (settler сөзінен шыққан — "қоныс аударушы") деген жаңа ғылым пайда болды. Бірақ бұл жолда бір үлкен кедергі бар. Ғалымдар әлі күнге сананың не екенін толықтай анықтаған жоқ, оған қоса оны қалай көшіру екенін білмейді.

Шөптің иісі, күннің нұры...

Барлық нәрсені жадына сақтайтын сенсорлы костюм ойлап табу. Бұл арқылы адамның не естігенін, сезгенін, көргенін сақтап алу. Адам өлгеннен соң барлық ақпарат инфотекада сақталып, сосын нейрокомпьютер арқылы чипке көшіріледі. Оны тек жасанда жаңа денеге орнату қажет. Алайда бұл әдістің жүзеге асуы миллиардтан бір.

Жасанды дене мен миды жасау

Ғалымдар жасанды дене мен миды жасаудың жолын тапқаннан соң бұл әдіс мүмкін болады деген болжам бар. Жасанды денеге адамның тірі миын немесе жасанды дене мен миға тұлғаның санасын орнату арқылы мәңгі өмірге қол жетізуге болады дейді .