Мәнерлеп сырғанауды Массагетпен бірге үйренейік!

Мәнерлеп сырғанауды Массагетпен бірге үйренейік!

Сіз мұз үстінде сырғанай аласыз ба? Әлде мұз бетіне шықсаңыз болды, құлай бересіз бе? Бүгін мәнерлеп сырғанауға көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз. Бастысы бір күннің ішінде еш нәрсе  өзгермейтіндігін түсініп, жаттығуларды күн сайын қайталап отырыңыз.

Дұрыс киініңіз


Мәнерлеп сырғанау үшін салмақ түсірмейтін әрі жылы киім кию қажет. Денеге қатты жабыспауы тиіс. Сырғанау физикалық жаттығу болғандықтан, жаттығу барысында жылынып аласыз. Қалың легинс шалбар, жеңіл жейде, күртеше, бас киім киіңіз.


Әдеттегідей джинс киімдер кимеңіз. Олар мұзға жығылған сайын су болып, артынша ауырлай түседі.

Жақсы коньки табыңыз 


Бірінші кезекте аяғыңызға тура болуы тиіс. Сатып алар кезде отырып киіп көріңіз. Атақты брендтердің конькиін табуға болады. Алайда бастапқыда жалға алған конькилер де жарап қалады.


Жүріп көріңіз


Кейбір мұз айдындарының бетіне резіңке жабындылар төселген. Оның үстімен оңай жүруге болады. Көп жүрген сайын денеңіз тепе-теңдікке үйрене бастайды.


Жүрген кезде бір нүктеге ғана қараңыз


Мұз бетіне шығыңыз

Мұз айдынының шетіндегі қоршаудан ұстап жүріп көріңіз. Бұл мұзды сезінуге көмектеседі.


Алғашында жасанды секілді көрінсе де, асықпай қозғалыңыз. Конькиді бірінші рет киіп тұрған адам үшін жылдам қозғалу қауіпті. Кенеттен болатын қозғалыстардан сақтаныңыз.


Тепе-теңдік сақтап үйреніңіз. Үйрену барысында ақырын қозғалу керектігін естен шығармаңыз.


Тепе-теңдік сақтап үйрену үшін қолдарыңызды екі жаққа созып, иығыңыздың деңгейінен төмен ұстаңыз.


Денеңізді бос ұстауға тырысыңыз. Бұл тербелісті жеңілдетеді.


Тізеңізді аз бүгіп, алдыға қарай иіліңіз. Тізеңіз өзіңізге башпай көрінбейтіндей бүгіліп, иықтарыңыз тізеңізбен қатарласуы тиіс. Еш нәрседен ұстамай жүріп көруге тырысыңыз.


Бірнеше рет құлайтыныңыз анық. Үстіңізді қағып, орныңыздан тұрып, іске қайта кірісіңіз.


Тепе-теңдікті ұстап үйренген соң жылдам қозғалып көріңіз. Құлайтыныңызды сезген жағдайда екі қолыңызды шетке созып, тізеңізді бүгіңіз.


Конькидің ұшы мұзға тиген сайын шалынатын боласыз. Оның тимеуін қадағалаңыз.


Отырып-тұру жаттығуының көмегімен аяғыңызды шынықтырасыз. Оны жасамас бұрын аяқтарыңызды иықтарыңызбен қатарластырып, қолыңызды алға созыңыз.


Суреттегідей толығымен отыруға тырысыңыз. Әрдайым алдыңызға қараңыз.

Құлап үйреніңіз


Спортпен шұғылданатын адам міндетті түрде құлайды. Дұрыс құлаудың арқасында ғана ауыр жарақаттардың алдын аласыз.


Құлап бара жатқаныңызды сезсеңіз, тізеңізді бүгіп, мұзға жүресінен отырыңыз.  


Қолдарыңызбен аз ғана тіреп, бірден жұдырық түйгендей етіп жұмыңыз.


Құлаған кезде қолыңызбен жерді тіремеуге тырысыңыз.


Аяқтарыңызды дұрыс қойып үйреніңіз. Тура суреттегідей етіп отырыңыз. Аяғыңызды алмастырып, жаттығуды қайта-қайта жасаңыз.


Алға қарай қозғалыңыз. Бір аяғыңызға салмақ түсіріп, екіншісімен итеріңіз.  


Артыңызда және оң жағыңызда қар тазалап жатқандай сезімде болыңыз. Оң аяғыңызды бастапқы қалпына келтіріп, жаттығуды қайталаңыз.


Ұзағырақ сырғанауға тырысыңыз. Тізеңізді бүгіп, аяқтарыңызбен бірге денеңізді қозғалтыңыз.


Дұрыс сырғанау үшін конькиді бір-біріне параллель орналастырыңыз.


Әр қозғалыс аяқталған сайын қосымша қимылдар қосу арқылы жылдам қозғалуға болады.


Тоқтап үйрену үшін тізеңізді ішке бүгіп, бір немесе екі аяғыңызды итеріп шығарыңыз.


Аяқтарыңыз тайғанап кетпес үшін, мұзды қаттырақ басыңыз. Тоқтаған кезде мұз үстіндегі қарды қырып өтуіңіз керек.

Қайталап жаттыға беріңіз. Осы техникаларды меңгерген кезде ғана жақсылап сырғанай аласыз. Бірінші рет мұз үстіне шығып тұрып, барлығын меңгеріп аламын деп ойламаңыз.


Қалтаңыз көтерсе, үйретушілерден сабақ алыңыз. Нұсқаушы сырғанау кезіндегі қателіктеріңізді бірден анықтап береді.


Жаз кезінде конькиді роликтермен алмастыра аласыз. Екеуінің техникасы ұқсас әрі бұлшық еттеріңіз де шынығады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Қ. Бүйенбай