Өміріңізді баянды, бақытты еткіңіз келсе, төмендегі қағидалармен таныс болыңыздар:
1. Белсенді болыңыз
Қаншалықты жүрсеңіз, жүгірсеңіз, жүзсеңіз, соншалықты денсаулығыңыз да жақсарады. Ал әрқашан белсенді болсаңыз жастығыңызды сақтап қаласыз. Ол үшін күнделікті жаттығу жасап, содан ләззат ала білуіңіз қажет.
2. Ертерек тұрыңыз
Сонымен қатар ертерек тұрыңыз. Ол сіздің өміріңізді ұзартады. Жүрегіңіз жақсы жұмыс істеп, омыртқаңыз түзу болады. Және ми қанайналым жүйесіне пайдалы. Жасы ұлғайған адамдарды көптеп кездесетін склероз ауруынан құтыласыз.
3. Темекіні тастаңыз
Шылым шегу өте зиянды. Одан мүлдем бас тартыңыз.
4. Жаңғақ жеңіз
Жаңғақ өміріңізді ұзартатын тағамдардың бірі. Оның құрамында ағзаны әр түрлі аурулардан сақтап қалатын құнды дәрумендер бар. Сондықтан жаңғақ жеңіз. Ол дәмді әрі пайдалы.
5. Суши жеңіз
Жапонның ұлттық тағамының денсаулыққа пайдасы мол. Сушидің құрамында адам өмірін ұзартуға көмектесетін Омега-3 қышқылы көп.
6. Қара шоколад жеңіз
Қара шоколад жүрекке өте пайдалы. Оны аптасына екі рет жесеңіз, жүрек бұлшық еттерін жақсартасыз.
7. Көк шай ішіңіз
Көк шайдың құрамындағы антиоксиданттар тек инфекциялардан қорғап қана қоймай, ғұмырыңызды да баянды етеді. Көк шайды көбірек ішсеңіз, ағзаңызды әр түрлі аурулардан қорғай аласыз.
8. Бақытты болыңыз
Өмірді көз тартқыш қызық ойын деп қабылдаңыз. Жан жарасымы мен тепе-теңдік сізге өміріңіздің соңына дейін бақытты болуға кепілдік береді.
Ұзақ жасаудың сыры - өз-өзіңізге жастайыңыздан жақсы қарауда. Мәнді әрі сәнді ғұмыр кешкіңіз келсе, бәрін бүгіннен бастаңыз.
Сурет: www.huffingtonpost.com
Оқи отырыңыз:
Ғұмырым ұзақ болсын десеңіз...
Сұлу болудың бір сыры
Көздің көруін жақсартатын тағамдар
"Көзім көрмейді" дегіңіз келмесе