- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мамандар ағзаға ең...
Мамандар ағзаға ең зиян 5 көкөністі айтты
Мамандар денсаулыққа зиян тигізетін бес көкөністі айтты. Бұл көкөністер ағзаға пайдалы болғанымен, бірақ кейде олардың зияны пайдасынан асып түседі.
1. Сонымен диетологтар картопты күнде жейтін тамақ құрамына қоспау керек дейді. Картоптың құрамында көптеген қоректік заттар бар, олардың ең маңыздысының бірі – калий. Алайда картопта жүйке жүйесі мен крахмалға кері әсер ететін соланин бар, сондықтан картоптың гликемиялық индексі жоғары. Әсіресе қурылған картопты жиі тұтыну денсаулыққа зиян.
2. Қызанақты өсірген кезде химиялық заттар пайдаланады. Сондықтан қызанақты гастрит немесе асқазан қышқылына байланысты ойық жарасы бар адамдар тұтынбауы керек. Қызанақ қандағы қант деңгейіне де әсер етеді.
3. Баклажан соланин мен оксал қышқылына бай. Бұл бүйректе тас пайда болуына әкеледі.
4. Қырыққабатты қалқанша безі ауруы бар адамдарға жеуге болмайды. Себебі, оның құрамында йод көп. Бұл көкөніс асқазанның қышқылдығына әсер етеді, сондықтан гастрит пен ойық жараға тыйым салынған.
5. Пияз құрамында фруктан бар, ол асқазан-ішек жолдары үшін қауіпті және гастрит тудырады. Сондықтан асқазан-ішек жолы ауыратын адамдар пиязды аз жегені дұрыс.
Сарапшылар көкөністерді тұтынған кезде мөлшерді сақтау керек екенін, ал қандайда бір ауруы бар адамдар диета ұстағанда дәрігермен кеңесу қажет екенін айтады.
Т. Раушанұлы