Диетолог және нутрициолог Ирина Лизун кофенің ағзаға максималды пайда әкелетін уақытын атады. Сонымен қатар, ол кофеден гөрі сергітетін сусын ішкен дұрыс екенін айтты.
Ирина Лизунның айтуынша, таңертең бір шыны кофе ішуге болады. Бірақ бұл сусынды тек тамақпен немесе тамақтан кейін ішкен дұрыс. Әйтпесе, ол асқазанға зиян.
"Кофе тұз қышқылының өндірілуін арттырады. Егер сіз кофені аш қарынға ішсеңіз, онда асқазан сөлі тым көп бөлініп, ол тағам қорытуды бастайды. Бірақ көфені аш қарынға ішкендіктен, біраздан соң ауырсыну, ыңғайсыздық, іштің күюі сынды мәселелер туындауы мүмкін", - дейді дәрігер.
Диетологтың пікірінше, кофе түскі асты алмастыра алмайды, өйткені бұл сусын адамға қажетті қоректік заттарды қамтымайды.
Кофенің сергіткіш қасиеті бар, сондықтан ұйықтай алмайтын адамдар оны кешке ішуге болмайды.
"Кофенің сергіткіш әсері бар, сондықтан оны ұйықтар алдында үш-төрт сағат бұрын ішуге болмайды. Ұйқысы бұзылған адамдар кофені таңертең ішкен дұрыс", - деп қорытындылады дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор, кардиолог Заурбек Шугушев кофенің жүрек-қан тамырлары жүйесіне қалай әсер ететінін және қан қысымы жоғары адамдарға бұл сусынның зияны қандай екенін айтқан болатын.
Дәрігердің айтуынша, қан қысымы жоғары адамдарға кофе ішуді тоқтатудың қажеті жоқ. Бұл сусынның гипертониялық науқастарға теріс әсері аз.
"Кофе шын мәнінде қан қысымының жоғарылауына әкеледі, бірақ өте қысқа мерзімге, дәлірек айтсақ жарты сағатқа ғана", - деп атап өтті кардиолог.
Сонымен қатар, кофе жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер етеді, - деді дәрігер.