Лаванда эфир майы – әрбір үйдегі дәрі қобдишасында болу керек майлардың бірі. Сонымен қатар, бұл майды табиғи күйінде пайдалануға болады.
Лаванданың табиғи эфир майы – терінің күйіп қалғанын және үсіп қалғанына ем болады. Күйген жерге лаванда эфир майын тамызсаңыз болды, күйген орын тез жазылып, кейін орны да қалмайды. Жатар алдында лаванда майын иіскеп жатсаңыз, денеңіз босаңсып, жақсы ұйықтайсыз.
Лаванда есеңгіреуді, шаршағанды басады, бірақ оны көлік айдағанда және басқа да зейін қойып жасайтын жұмыстар кезінде пайдалануға болмайды.
Сонымен қатар лаванда өкпе ауруларында жақсы көмектеседі, бронхты ашып, қақырықты сұйылтады.
Астма кезінде бронхоспазмды басуға, бронхит кезінде – бронхтың дренажын жақсартуға, қақырық түсіруге көмектеседі. Лаванда теріге өте жақсы әсер етеді, әжімдерді жазады, терінің тонусын сақтап тұруға ықпал етеді. Лаванда жаңа тыртықтың жазылуын және де буын, бұлшық ет созылғанда тез қалпына келтіреді.
Сурет: mirkaba.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина