Қияр мен қызанақты араластырып салат жасап жеу – тағамдық әдетке айналғанын білеміз. Алайда екі көкөністі араластыруға болмайтын көрінеді. Бірінің құрамындағы пайдалы затты екіншісінің құрамындағы қышқылдар құртып жібереді екен.
Бұл жайлы Ресей дәрігері, Урал фитнес институтының маманы Игорь Мормиль айтты.
Оның айтуынша, қызанақ та, қияр да адам ағасына өте пайдалы. Мәселен, қызанақтың бойында С мен В дәрумені, жасушаны қалпына келтіру мен қабынуды басуға көмектесетін флавоноид нарингенин, қатерлі ісік пен жүрек ауруларының алдын алуға септігін тигізетін ликопин сынды пайдалы заттар бар. Бұл көкөністің құрамында калий, бета-кератин мен хлорогенді қышқал бар. Ол қан қысымын реттеуге жақсы.
Ал қиярдың құрамында В дәрумендер тобы, калий мен йод, басқа да микроэлементтерге бай. Қияр қандағы холестеринді азайтуға, жүрек жұмысын жақсартуға көмектеседі. Зат алмасымын реттеп, қалқанша безі қабынуының алдын алады.
Байғанымыздай, екі көкөністің де адамға пайдасы зор. Алайда екеуін бөлек-бөлек жегенде ғана, адамға пайдасы тиетін көрінеді. Қызанақ – қышқыл, ал қияр – сілтілі өсімдік. Оларды бір-бірімен араластыруға болмайды.
"Біріншіден, қиярдың құрамындағы аскорбиназ қызанақтағы С дәруменін ерітіп жібереді. Екіншіден, қияр мен қызанақтың құрамындағы заттарды асқазан бір уақытта қорыта алмайды. Содан асқорыту жүйесіне салмақ түсуі мүмкін. Одан бөлек, қызанақ пен қияр біріксе, тұзға айналып, бауыр мен бүйректің жұмысына қиындық салады", - деп түсіндірді Игорь Мормиль.