Финляндия ғалымдары қызанақ өнімдерін жиі пайдалану арқылы жаңадан пайда болып келе жатқан инсульттың көзін жоюға болатындығын дәлелдеді. Мәселе қызанаққа қып-қызыл түс беріп тұрған пигментте.
Нерв талшықтары сыр беріп инсульттен хабар келгенде әсерін беретін қызанақ таптырмас ем.
Осы дәлелге нүкте қойып ғылымға жария етудің алдында олар Финляндияның мыңға жуық адамдарына зерттеу жүргізген. Еріктілердің ең кішісі он екі жаста. Олардың алпыс жетісі қатерлі инсульт алған жандар.
Зерттеу кезінде 258 қатысушының ішінен 67 ер адам емнен өткен. Осынша адамның ішінен 25 емделушіге пайдасы тисе, инсульттың жоғары деңгейіне жеткен 259 адамның 11-не зерттеу нысаны нәтижелі еңбек көрсеткен. Олардың денсаулығына зер салған мамандар қандағы ликопинге назар аударған.
Зерттеудің қорытындысын айта келе авторлар инсульттың пайда бола бастаған уақытын күтпестен, күнделікті тағамдардан кем қолданбай қызанақ өнімдерін тұтынуға кеңес береді.
Қызанақ өнімдерінде кездесетін пайдалы заттар адам денсаулыған айтарлықтай пайда тигізетініне кәміл сенетін ғалымдар бүгіннен бастап дастарған үстінде жемістермен қатар қызанақтардың тұруын міндеттейді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
сурет: oitecareersblog.wordpress.com