- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қытайдың сырлы вирусы....
Қытайдың сырлы вирусы. Алаңдауға негіз бар ма?
Қытайда көпшілікті алаңдатып отырған жаңа вирус коронавирустың жаңа түрі деп аталған. Қазірде вирусты 59 адам жұқтырған, 1 адам қайтыс болып, 6 адам ауыр хәлде жатыр. Қазақстан да аталған вирус түріне қарсы шаралар қолданып жатыр, Қытаймен шекаралас әуе және темір жолдары бақылауға алынған.
Науқастарда пневмонияны тудырып, артынан оны дамытатын вирустың пайда болуы алаңдауға тұрарлық. Әлемдегі медицина мамандары кез келген жағдайға дайын болу үшін қажет іс-шараларды өткізіп жатыр.
Эпидемия қысқа мерзімді ме, әлде бұл қауіптің алғашқы белгісі ме? Бұл вирус несімен қауіпті?
Вирус туралы не білеміз?
Вируст анализі зерттеулер үшін пациенттерден алынды. Қытай үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инфекция коронавирусты тудырады деген қорытындыға келді.
Коронавирустар құрамына көптеген вирус түрлері кіреді, бірақ адамдарға тек алты (және жаңа вируспен жетеу) түрі ғана жұғады.
2002 жылы Қытайда коронавирус өршіп, 8098 адамға атипті пневмония диагнозы қойылды (атипті – сирек емес, күрделі қабыну; сонымен қатар ауыр жіті респираторлық синдром SARS деп те аталады). 774 адам қайтыс болды.
"Адамдар SARS-ті әлі де қорқынышпен еске алады, бірақ қазір біз бұл ауру түрімен күресуге дайынбыз", - дейді дәрігер Джозел Голдинг.
Қауіп қай деңгейде?
Коронавирус инфекциясының салдары әртүрлі: орташа суық тиюден өлімге дейін. Жаңа вирус осы ауқымның ортасында.
"Біз жаңа коронавирус пайда болған кезде, белгілердің ауырлығын анықтауға тырысамыз. Бұл жолы симптомдар суық тию сияқты, бұл алаңдаушылық туғызады, бірақ SARS сияқты қорқынышты емес", - дейді Эдинбург университетінің профессоры Марк Вулхаус.
Жаңа вирус қайдан пайда болған?
Жаңа вирус зерттеліп жатыр. Олар жануарлардан адамдарға жұғатыны анықталған.
"Жаңа короновирустың тасымалдаушылары – жануарлар", - дейді Ноттингем университетінің вирусологы Джонатан Балл.
Атипті пневмония алғаш рет адамға Африка цивитінен жұққан.
Қай жануар вирус тасымалдаушы?
Қандай жануардың тасымалдаушы екенін анықтаған кезде мәселе жеңілдейді дейді мамандар. Бұл жолы вирус Ухань қаласындағы көтерме сауда орталығындағы теңіз өнімдерінен немесе базарға келушілерден таралған болуы мүмкін.
Коронавирустың тасымалдаушысы теңіз сүтқоректілері болуы мүмкін, мысалы, аталған базарда Белуха немесе ақ делфинге (Солтүстік полюстегі алып дельфин) сұраныс жоғары. Сонымен қатар базарда тауық еті, жарқанат, қоян және жылан сатылады. Олардан да инфекцияның көзі ізделуі керек.
Неліктен бұл вирус түрі Қытайда таралып жатыр?
Эдинбург университетінің профессоры Марк Вулхаустың айтуынша, бұл вирустың таралуына халық көп шоғырланған жерлерде адамдардың жануарлармен тығыз қарым-қатынаста болуы себеп болады.
Вирус қаншалықты тез таралады?
Бұл вирустың бір "артықшылығы" ол адамнан адамға жұқпайды. Өкпені қабындыратын вирусты зерттеген мамандар алдымен оның осы жағына назар аударған. Себебі, вирус тамшылары жөтелу, түшкіру кезінде ауа арқылы тез таралады.
Егер вирус адамнан адамға жұғатын болса бірінші науқастармен жұмыс істеген дәрігерлер жұқтыруы керек еді. Қытай үкіметі мұндай жағдайлар болмағанын айтады.
Бірақ кейбір сарапшылар вирустың жаңа түрі адамнан адамға жұқпайды деп кесіп айтуға әлі ерте дейді.
"Аз уақыттың ішінде зардап шеккен 59 адамның барлығы вирусты жануарлардан жұқтырған деген қорытындыға келдік. Бірақ, ішкі түйсік бұл өте көп екенін айтады, сондықтан сұрақ әлі жауапсыз", - дейді Джонатан Болл.
"Мен бағалауға мұқиятпын. Нақты айтуға әлі ерте. Коронавирустардың көпшілігі инфекциялық вирус (адамнан адамға жұғады) және бұл мені мазалайды", - деп толықтырды Вулхаус.
Таралу жылдамдығы қандай?
Барлық науқастағы белгілер 2019 жылғы 12 желтоқсаннан 29 желтоқсанға дейін пайда бола бастады. Жаңа инфекциялар тіркелген жоқ.
"Ауру жұқтырған басқа ешкім тіркелген жоқ. Қытай мұны қатаң бақылап отыр. Вирусты тоқтата аламыз. Уақыт көрсетеді", - дейді Голдинг.
Қытай Жаңа жылы жақындап келе жатыр. Осы мерекеге байланысты миллиондаған адам ел аралап, вирустың таралуына себеп болады деген қауіп бар.
Қытай билігі қандай шараларды жүзеге асырып жатыр?
-
Ауырған науқастар басқа адамдарға инфекция жұқтырмауы үшін оқшауланған камераларда емделіп жатыр. Қазіргі уақытта пациенттермен байланыста болған 150-ден астам адам бақылауда.
-
Жолаушыларды тексеру үшін оларға арналған дене температурасы сканерлері орнатылды.
-
Теңіз өнімдері базары тазалау және дезинфекциялау үшін жабылды.
Бұл жағдай мамандарды алаңдата ма?
Голдинг: "Бізде вирусқа қатысты мол ақпарат болмаған соң алаңдау керек пе, жоқ па айту қиын. Жұқпаның көзі не екенін білмейінше біз сақтық шараларын көреміз".
Болл: "Біз адамдарға бірінші рет жұққан кез келген вирус туралы алаңдауымыз керек, өйткені олар бірінші үлкен кедергіні жеңіп өтеді. Вирустар адам жасушасына еніп, мутацияланады. Бұл олардың ауқымды таралуына мүмкіндік береді және үлкен қауіп тудырады. Вирусқа мұндай мүмкіндік бермеуіміз керек".
Т. Раушанұлы