- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қытайда тұңғыш рет...
Қытайда тұңғыш рет мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасынан COVID-19 вирусы анықталды
Қытайда тұңғыш рет мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасынан COVID-19 вирусы анықталды.
Циндаодағы эпидемиологиялық тексеру мамандары импортталатын өнімнің қорабынан сынама алған кезінде, вирусты анықтаған.
Коронавирустың тот баспайтын болатта ұзақ уақыт бойы төмен температурада жойылмауы вирустың ет өңдейтін зауыттар мен тоңазытқыштарда не үшін кең таралғанын түсіндіріп, оны мұздатылған өнімдер арқылы да жұқтыруға болатындығын ескерткен болатын.
Ғалымдар коронавирустың мақта сияқты күрделі және кеуекті беттері бар материалдардан гөрі тегіс және кеуекті емес беттерде өміршең екенін анықтады. Температураның жоғарылауымен вирустың тіршілік ету мерзімі күрт төмендейді, бұл суық мезгілде коронавирустың ұзақ сақталатынын растайды.
Ал тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдарда, полимер банкноттарда, винилде және әйнекте коронавирус 20 градус ыстықта 28 күнге дейін жойылмайды. Ал температура 30 градусқа көтерілсе бір апта, 40 градусқа көтерілсе 2 күн сақталады. Вирустың қағаз банкноттарда сақталуы да осындай.
Аурудың алдын алу орталығыжұмысшыларға мұздатылған тағаммен байланыста жеке қорғаныс шараларын күшейтуді ұсынды.
Т. Раушанұлы