Қытайда әлемде ең бірінші рет Е гепатитіне қарсы вакцина (жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала сақтану үшін қолданылатын дәрілік препарат) жасалып шығарылды.
Сенбі күні "Xiamen Innovax Biotech" фармацевтика компаниясы Е гепатитіне қарсы ең бірінші вакцинаның шыққаны турасында мәлімдеме жасады. Аталған компания мен Сямэньский университетінің мамандарының арқасында дүниеге келген дәрілік препарат Цзянсу провинциясында 113 мың ерікті адамға жасалған сынақтан соң сатылымға шықты.
Қазіргі таңда "Xiamen Innovax Biotech" фармацевтика компаниясының менеджері Гао Юнчжун Е гепатитіне шалдыққан барлық Қытай азаматтары мен азаматшаларын емдеп шығу мақсатында үкіметпен қоян-қолтық жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, дәрілік препарат зәру болып отырған шет елдерге жол тартпақ.
Бәріміз білетіндей, Е гепатиті ластанған су мен тамақ арқылы таралады. Және жылына 20 миллиондай адам аурудың осы түріне шалдығады екен.
сурет: susanin.udm.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек