Ыстық шай, алкоголь мен шылым шегу өңеш обырының қаупін еселейді. Қытайдың бір топ ғалымының зерттеуі Annals of Internal Medicineжурналында жарияланды. 30 бен 79 жас аралығындағы 456 мың адамның тамақтану әдебіне 9 жыл бойы жүргізілген зерттеуден 1731 жағдайда өңештің обыры пайда болғаны байқалған. Ғалымдардың пайымынша, бұл дерт ыстық шай мен ішімдікті жиі пайдаланатындар арасында 5 есе көп кездескен. Сонымен қатар, ыстық сусындар мен шылым шегетіндер арасында ол екі есе жиі байқалған. Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, Цельсий бойынша 65 градустан жоғары температурадағы сусындар ішкі органдарға термикалық жарақат түсіреді, ал кейін ол онкологиялық дертке меңдеуі мүмкін. Осыған байланысты ғалымдар өте ыстық сусындарды пайдалануда абай болуға шақырды, әсіресе, темекі шегетін және ішімдікке әуес адамдар қауіпке жақын екен. Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алкогольдік ішімдіктер мен қатерлі ісіктің бірқатарының байланысы барын мәлімдеген. Дереккөз:tengrinews.kz