- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қыста бас киімсіз...
Қыста бас киімсіз жүрсең не болады?
Қыста көп адам бас киімсіз жүре береді, ал бұл көптеген суық тию ауруларына шалдықтыруы мүмін. Алайда бастың суықтауы ғана емес, қызуы да бас қан тамырларының тарылуына әкеп соғуы мүмкін. Мұның алдын алу үшін далада бас киім киіп жүріп қана қоймай, жылы жерге келгенде шешіп қою керек.
Қандай ауа райы кезінде бас киімсіз жүруге болады?
Бұл ағзаның ерекшелігіне және адамның сезімталдығына байланысты, сонымен қатар далада қанша уақыт жүргендігі мен ауаның ылғалдылығы, жел соғып тұрғандығы да рөл атқарады. Кейбір адамдар кішкене суық болса бас киім киіп алады, өйткені онсыз өздерін жайсыз сезініп, суықтап қаламын деп ойлайды, ал басқалары суыққа төзімді келеді.
Алайда медицинаның пікірі бойынша бас киіміз жүруге болатын ең төменгі температура — минус 5°С, онда да желсіз құрғақ ауа райында. Ал егер қар, жаңбыр немесе жел соғып тұрса, температура плюсті көрсетіп тұрса да бас киім кию міндетті.
Бастың суықтап қалуы несімен қауіпті?
Бірінші кезекте бастың суықтап қалуы иммунитетті төмендетеді, бұдан ағзада ауру қылатын микробтар белсенді көбейе бастайды. Нәтижесінде барлық созылмалы ауруларыңыз қозып, өткір қабыну процесстері артады, мысалы герпетикалық жұқпа жанданады.
Егер адам созылмалы аңқа ауруына шалдыққан болса, жұқпа қанға оңай еніп, ол жақтан — орталық жүйке жүйесіне енеді. Суықтап қалғанда сонымен қатар ми қабатының қабынуы — менингитке ұрыну қаупі жоғары.
Құлақ суықтап қалуға ерекше бейім
Олар ең бірінші қатып, ауырады. Қалың, ұзын шаштар оларды қорғауға жеткіліксіз. Сонымен қатар, шаш суық желге төтеп бере алмайды, ал құлақ мұндай табиғат құбылысына бірден қатты аурумен белгі береді.
Кейде басыңыз тоңып келіп, жылы жерге кірсеңіз, құлағыңыз ауруы мүмкін. Құлақ кереғар температураны жақсы көрмейді. Монша немесе бассейнге түсіп шығып, басын дұрыс кептірмей және шапка кимей далаға атып шығатындар, денсаулығына қауіп төндіреді. Құлақ ауруы – отит белең алып немесе есту жолында сыздауық шығуы мүмкін.
Онымен қоса, қабынудан және ми қан тамырларының тарылуынан есту жүйкесінің қоректену процесі бұзылып, құлақта шу пайда болып, есту қабілеті төмендейді. Мұндай белгілер пайда болса, араға уақыт салмай, бірден отоларингологқа қаралған жөн.
Мұрын тоңса — жұтқыншақ қабынады
Есту жолы, мұрынның шырышты қабығы, жұтқыншақ бездері бәрі бір-біріне жақын орналасқан. Егер бір мүшеге суық тисе, жұқпа басқаларына да өтеді. Нәтижесінде орташа өткір отит, ангина немесе тұмау, мұрын қуысының қабынуы, бір уақытта гайморит және фронтитке шалдығуыңыз мүмкін.
Ал егер ағзада жұқпаның созылмалы түрі белең алған болса, мысалы, созылмалы тонзиллит — жұтқыншақ безінің қабынуы, онда бас суықтағанда ол асқынып, дененің ыстығы көтерілуі мүмкін. Айтқандай, мұрын қалақбасы мен құлақ жарғағында адамның ішкі мүшелер бетсалымы орналасқан.
Дәрігерлер құлақ жарғағын күнде таңертең екпінді уқалау керек деп бекер кеңес бермейді — бұл ішкі мүшелерді «оятуға» ықпал етеді. Бастың суықтап қалуы ішкі мүше қан тамырларының тарылуына және стенокардия немесе астма ұстамасына әкеп соғуы мүмкін.
Шашсыз қалуыңыз мүмкін
Бас киімсіз ұзақ уақыт (10 минуттан жоғары) суық күнде жүру шаштың буылтығын қоректендіретін қан тамырларының тарылуына ықпал етеді. Мұндай жағдайда шаш фолликуласының қоректену процесі бұзылып, нәтижесінде шаш жұқарып, сынғыш және көмескі күйге енеді. Сонымен қатар, тұқым қуалауға да байланысты: егер шаш генетикалық тұрғыда әлсіз болса, суықтап қалу салдарынан еселеп түсуі мүмкін.
Егер әке-шешеңізден қолаң шашқа ие болсаңыз, оның сапасына аяз аса әсер ете алмайды. Бас киімсіз ыстық күнде жүру де зиян: май бөліну жиілеп, шаш тез кірлейді, сондықтан қыста жылы бас киім киіп, ал жазда — ашық және жеңіл бас киім киген жөн.
Жүйке жүйесі аязды жақсы көрмейді
Бас суықтап қалса, бет невролгиясына және үш тармақты жүйкеге әсер етуі мүмкін. Суықтан бастың қан тамырлары тарылады және жүйке қан айналымы бұзылады. Егер бет жүйкесіне зақым келсе, адамның жарты беті қисайып қалуы мүмкін. Ал егер үш тармақты жүйке қабынса, шаншып, қатты ауыратын болады.
Аязда бас киімсіз жүру әдеті қалыптасса, бас сақинасы ауруының жиілеуіне немесе пайда болуына және бас сүйек ішіндегі қан қысымының көтерілуіне ықпал етуі мүмкін. Қалай болғанда да, аязда бас киімсіз жүру, жалаңаш белмен жүруге қарағанда қауіпсіз. Бұл шынымен өте қауіпті. Ал егер ауа райына сай ыңғайлы бас киім киіп жүрсеңіз денсаулығыңызды сақтайсыз.
Сонымен қатар баста дұрыс тұрмайтын бас киімдер де зиян. Мысалы, маңдай және желкені қысып тұратын былғары немесе резеңке ендірмелі бас киімдер. Бұлар ұсақ қан тамырларды қысып қалғандықтан бас ауруы мүмкін. Оған қоса самайды қысып тұратын кепештер мен бейсболкалар да зиян, бұлар басты жылы ұстағанымен желке тұс ашық қалып жатады.
Жасанды иірілген жіптен тоқылған бас киімдер де денсаулыққа зиян. Керісінше, мақта, жүн және мохер қосылған вискоздан тоқылған бас киім нағыз керегі. Ал астар үшін саржа қолайлы. Мұндай бас киіммен бас терісі дем алады, ал ең бастысы тоңбайды. Жазда табиғи матадан жасалған бас киім жөн болады — синтетикада бас тұншығып қалады.
A. Mustafina