Қыстағы суық тиюдің алдын алу амалдарын жасамасаңыз, ертеңгі күні дауасыз дертке аналып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан тамағыңыз ауырып, мұрныңыз бітсе, суық тиген жағдайда жылдам жазылу тәсілдерін ұсынамыз.
Тамағыңыз ауырса, жылы суға жалбыз бен лимонның бір тілімін қосып ішіңіз;
Құрғақ жөтел пайда болса, жөке қайнатпасын дайындағаныңыз дұрыс. Әр үш сағат сайын ыстық қалпында пайдаланған тиімді;
Мұрныңыз бітіп қалcа, жуа немесе алоэ шырынын мақтаға тамызып, иіскеп жатыңыз;
Суық тисе, сәлбен мен лимоннан шай демдесеңіз пайдасы зор. Оған бактерияға қарсы көмектесетін жебір шөп қосуыңызға болады;
Моншаға барсаңыз, міндетті түрде булы бөлмеге кіріп денеңізді қыздырыңыз;
Ал ұйықтар алдында бөлмедегі түрлі бактериялардан құтылу үшін 5-10 минут терезеңізді ашып, ауаны тазартып алыңыз.
Дереккөз: anabol.kz