- Негізгі бет
- Денсаулық
- Күзгі аллергияға қатысты...
Күзгі аллергияға қатысты маңызды 5 сұрақтың жауабы
Көктемде аллергияның өршуі түсінікті, себебі оған оған өсімдік тозаңы, шаң триггер болады. Бірақ неге күз аллергиямен ауыратындар үшін қиын кезең?
Күзде аллергиялық аурулардың асқынуы жедел респираторлық инфекциялардың (ЖРВИ) өсуіне байланысты болады. Зақымдалған, қабынған шырышты қабаттар арқылы аллергендердің ағзаға енуі оңайлай түседі.
Егер күзде қандай аллергендерден қорғану керек десеңіз, бұл көктем және жаз маусымдарындағымен бірдей. Күздің басында ауа-райы ұзақ уақыт бойы жылы және құрғақ болса, кейбір шөптер қайтадан гүлдеуі мүмкін. Яғни, аллергия қозады.
Ал салқын ауа райы мен жоғары ылғалдылық жағдайында ағаштардың көгеруі де аллергиялық реакция тудырады.
Күзгі аллергияның негізгі белгілері қандай?
Зең аллергендері респираторлық (ингаляциялық) саналады. Сондықтан симптомдар көбінесе тыныс алу жолдарында пайда болады: мұрыннан су ағуы, қышуы, түшкіру, тыныс алудың қиындауы. Қалыпты және суық климатта күзде өсімдіктердің тозаңы аллергиялық белгілердің негізгі себебі бол бермейді. Бірақ жануарлардың жүні, үй шаңы, азық-түлік өнімдері жыл бойына әсер етеді.
Күзгі аллергияға қандай адамдар бейім?
Аллергия – бұл иммундық жүйенің бұзылуы, созылмалы ауру. Иммундық жүйе нашарласа қоршаған ортаның зиянсыз факторларын қауіпті деп есептеп қорғана бастайды. Аллергиялық аурулардың даму қаупі жақын туыстарында аллергия бар адамдарда жоғары (яғни тұқым қуалайтын бейімділік бар). Егер патологиялық иммундық реакция пайда болса, аллергенмен байланысқан сайын симптомдардың пайда болуына әкеледі.
Күзгі аллергияның өршуі кезінде тұмаурату жиі бола ма?
Аллергиялық аурулар әртүрлі болуы мүмкін: риноконъюнктивит, бронх демікпесі және басқалар. Егер емделмеген болса, олар денсаулықтың айтарлықтай нашарлауына әкеледі. Кез келген ауру ағзаны суық тиюге бейім етеді. Аллергия да солай.
Күзгі аллергияның алдын алуға бола ма?
Асқынуды болдырмаудың жалғыз сенімді жолы – аллергенмен байланысқа түспеу. Әрбір аллергиямен ауыратын адамның денесі жауап беретін аллергендер тізімі бар, сондықтан олардың әрқайсысы үшін алдын-алу яғни профилактика шарасы да жеке болады.
А. Оралқызы