Күздік антидеприсанттар

Күздің суық күндері депрессияға жол бермеңіз! Шоппинг, құрбылармен кездесу... Бұның бәрі көңіл-күйіңізді көтере қоймаса, күздік антидеприсанттардан көмек іздейік.

Қара шоколад

Көңіл көтеретін тағамдар арасындағы ең тәттісі осы болар. Сүтті, ақ түрлерін емес, ащы қара шоколадты таңдаңыз. Ол жалпы денсаулыққа пайдалы, жүйке жүйесін тыныштандыратын тәтті құрал.

Банан

Бұл пайдалы жеміс құрамындағы заттар стресстен құтқарып қана қоймай, қуаныш пен шаттыққа бөлейді. Сондай-ақ құрамындағы В6 дәрумені жүйке жүйесіне өте пайдалы.

Ірімшік

Ірімшіктің құрамындағы амин қышқылдары эндорфин (қуаныш гормондарын) синтезіне қатысады. Әсіресе олар рокфор ірімшігінде көп.

Қызыл балық

Қызыл балықта ең пайдалы майлар - омега-3 майлы қышқылдары бар. Бұл қышқылдар стресс пен уайым гормондарының жұмысын бәсеңдетеді, сонымен қатар салмақ тастауға көмектеседі.

Бадам

Тіскебасар рөліне мінсіз келетін бадамның құрамында магний мен В2 дәрумендері өте көп. Ал олар өз кезегінде серотонин бөлінуіне көмектеседі.

Теңіз орамжапырағы

Йод пен пантотен қышқылына бай теңіз орамжапырағы адреналин бөлінуіне зор үлесін қосады.

Сұлы жармасы

Құрамындағы тиамин мен магний ағзаңызды депрессиялардан сақтайды.

Чили бұрышы

Ащы бұрыштағы капсацин атты зат ағзаға стресспен күресуде көмектеседі, және зат алмасу процесстерін тездетеді. Осылайша ол тек көңілді ғана көтеріп қоймай, артық салмақ тастауға да өз үлесін қосады. 

Шемішке

Шемішкедегі фолий қышқылы жүйке жүйесінің жұмысын реттейд.

Ет

Стресстен қой, қоян не күркетауық еті құтқарады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: superdekret.ru