Күйзелістен шығаратын тағы бір жол – аквариум

Күйзелістен шығаратын тағы бір жол – аквариум

Күнделікті өмірде мазасызданып, күйзеліске бой алдырып жүрген болсаңыз, одан арылудың ұтымды жолын ұсынамыз. Психолог мамандардың айтуынша, мұндайда аквариум ішіндегі балықтар жақсы көмектеседі. Яғни, артық дәрі-дәрмек қабылдап, ағзаны улаудың қажеті болмайды.

Аквариумды үйге де, кеңсеге де қойып қоюға болады. Көңілге жайлылық сезімін сыйлап, жүйкені жұқартатын жұмысты жақсы көруге септігін тигізеді.

Аквариум психологиялық әсермен қатар, өзі тұрған жерге көрік беріп, қонақтардың көзіне бірден ілігеді.

Осы тақырыпқа байланысты аквариумның бірнеше түрін ұсынамыз. Оның бағасын өздеріңіз бере жатарсыздар. Бірінші кезекте аквариум ішінде тіршілік ететін балықтарға лайық таңдалуы тиіс екендігін ұмытпаңыз.

Кейбір аквариумнің ішінде балықтарға бүкіл әлемді аралауға мүмкіндік беретін дүние жүзінің картасы орналасқан. Алтын балықтар әлемді аралап жүрген кезде өзіңіздің армандарыңызды айтып үлгересіз.


Келесі кезекте диван аквариумды ұсынамыз. Аквариум диванның арқа бөлігінде орналасқан. Бұндай аквариумның бағасы 12 000 АҚШ долларын құрайды. Бағасының қымбаттылығымен қоса, оның суын тазалап отыру да қиын. Жылдам сына қоймайтын әйнектен жасалған деп үміттенеміз, олай болмаған жағдайда иесі диванға отырған сайын алаңдаумен болады.


Келесі ұсынатын аквариум «Өзіммен бірге» деп аталады. Оның көмегімен балықтарды әрдайым бірге алып жүруге болады. «Балықтармен бірге қыдыруға болмайды» секілді аргументтер өз күшін жояды.


Кеңседегі өзге қызметкерлерге ұнамаған жағдайда оны жеке үстеліңізге қоюыңызға болады. Ол үшін көлемі кішірейтіліп жасалған немесе суреттегідей түрлері бар.


Үстелдің дәл ортасында орналасқан аквариум – үйдің көркі. Кітап оқып немесе шәй ішіп отырғаныңызда жайлылық сыйлайды. Әдетте үстел мен аквариум бір-бірінен ажырайтындай етіп жасалады. Бұл балықтардың суын ауыстырып, жем беру үшін керек.

 

Дизайнерлердің классикалық үлгіде жасаған аквариумы.

Аквариумнің ішіне өсімдіктерді отырғызуға болады. Бұл жағдайда балықтардың өміріне қолайлы жағдай жасалғандығын қамтамасыз еткен жөн. Бұндай аквариум жасағанда міндетті түрде ауа кіретін тесік қалдыру керек. Осылайша келген қонақтарға үйіңізде бірігіп тіршілік етіп жатқан флора мен фауналарды көрсете аласыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай