Халықаралық ғалымдар тобы физикалық жаттығуларкүйзелістің алдын алатынын анықтады. EurekAlert порталының мәліметінше, ғалымдар психикасы сау 266 939 адам қатысқан 49 когортты зерттеудің қорытындысына сараптама жасаған. Сауалнаматолтырғандардың47%-ы ер адамдар болған. Бұл мониторингтің орташа уақыты 7,4 жыл. Зерттеу барысында дене салмағы, зиянды әдеттердің болуы мен физикалық жалпы жағдайы есепке алыныпты. Зерттеушілер физикалық түрде белсендіадамдардакүйзелістің пайда болу қаупі төмен екенін байқаған. Сонымен қатар бұл жағдайда адамның жасы менқай елде тұратындығымаңызды емес екен. Бұл физикалық белсендік адамдарды депрессияның дамуынан қорғайтынын дәлелдейтіналғашқы жаһандық метасараптама, - дейді еңбектің жетекші авторы, профессорФелипе Баррето Шуч. Ғалымдардың пайымынша, зерттеу салауатты өмір салтын дәріптеуге септеседі. Мамандар ары қарай қандай спорт түрі депрессияның дамуынанқалай сақтайтынын және қажетті жаттығу мөлшерін анықтамақ. tengrinews.kz