Әдетте күз мезгілінде адам бойын белгісіз сезім билейді. Еш себепсіз күйзеліске түсетін көңіл кез келген адамның басынан өтуі мүмкін. Әдетте көңіл күйді көтеру үшін шоколад, фаст фуд, банан, өзге де тәттілер көмектеседі деп жатады. Ал сұлу сымбатын бұзғысы келмейтіндер не тез артық салмақ қосатындар күйзеліс кезінде не жеуге болады?
Сұлы – арықтағысы келетін адамдар көп тұтынатын дақыл түрі. Ол сымбатты сақтаумен бірге ағзадағы серотанин гормонын молайтуға да септігін тигізеді. Мұны қуаныш гормоны деп атауға да болады. Құрамы азықтық талшық пен көмірсуға бай. Сол себепті 200 грамм сұлы ботқасын жесеңіз, аштық сезімі жойылады және көңіл күйіңіз қалай көтеріліп шыққанын аңғармай қаласыз.
Түймедақ шайы. Бұл сусынды ұйықтар алдында ішу өте пайдалы. Адам ағзасына аса қажетті триптофан аминқышқылы осы шай құрамында мол. Ол өз кезегінде мелатонин ұйқы гормонын алмастырады. Қарапайым тілмен түсіндіргенде, жайлы жатып, жақсы ұйықтауға көмектеседі. Ұйқысы тыныш адам стресске берілмейді, сәйкесінше, күйзеліспен күресуге ұйқы көмектеседі. Күніне 3 шыныаяқ түймедақ шайын ішуге болады.
Қояншөп (спаржа). Бұл өнім қай қырынан алсаңыз да өте жақсы – құндылығы да төмен, жасұныққа бай. Күйзеліспен күрес тұрғысынан алғанда да құрамында фолий қышқылы (В9 дәрумені) жеткілікті. Бұл дәрумен қан көбейтуге көмектеседі. Сонымен қатар, сератонин «қуаныш гормонын» көбейтеді.