Ғалымдар күйзеліске түскенде жүйке жүйесі қызметін жақсартатын өнімдерді пайдалануға кеңес береді, - деп хабарлайды Health.news.
Басылымның мәліметінше, жұмыстағы қиындықтар мен жеке өмірдегі проблемалар күйзеліске әкеледі де, түрлі аурулар пайда болады. Ағзадағы кортизол гормоны, яғни күйзеліс гормоны салдарынан қан қысымы жоғарылап, адам семіздікке немесе диабетке шалдығуы мүмкін.
Сол себепті ғалымдар күйзеліске түскендерге қара шоколад, авокадо және балық жеуге кеңес береді. Сарапшылардың сөзіне сенсек, бұл өнімдер адреналин мен кортизол гормондарының қызметін реттейді.