Таяуда Цюрих университетінің ғалымдары күйзелістің әсері мен себебін лабораториялық хайуандар мен олардың ұрпақтарына тәжірибе жасау арқылы зерттеп шықты.
Нәтижесінде, күйзеліс жағдайларының зат алмасуға ықпалын тигізетіндігін және оның ұрпақ арқылы беріліп отыратындығын анықтап шықты.
Мұндай қорытынды дені сау, бірақ, күйзеліске түскен тышқандар мен егеуқұйрықтардың микро РНҚ-сын салыстыру арқылы жасалған. Күйзелістен біраз уақыт өткеннен кейін жануарлардың микро РНҚ-сының санының өскені және өздерінен кейінгі ұрпақтың, яғни балаларының туыла салысымен күйзеліске түсуі байқалған. Сондай-ақ, екінші ұрпақ (баласы) метоболизмнің бұзылуына душар болса, үшіншісі (немересі) туылғаннан-ақ, күйзеліс жағдайынан шыға алмай қалған.
Цюрих университетінің ғалымдары мұндай жағдай адамдарда да кездесуі мүмкін дегенді айтады. Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар арасында қорқыныштың генетикалық жад арқылы берілетіндігі туралы тұжырым айтылған. Жоғарыдағы пайымның растығы не болмаса жалғандығы таяуда анықталады деп сенеміз. Олай болмағанның өзінде, күйзелістен аман болайық!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет:likar.info