- Негізгі бет
- Денсаулық
- Құйрық май коронавирустан...
Құйрық май коронавирустан емдей ме?
Әлеуметтік желіде COVID-19-дан сақтану әдісін түсіндеретін хабарлама жиі таралып жатыр. Солардың бірі – "ет тартқыштан өткізіп, қойдың құйрық майымен вирустан, жөтелден, пневмониядан емделуге болатыны" жайлы хабарлама. Factcheck.kz бұл ақпаратты тексеріп көрді.
Тартылған құйрық майдың бір кесесіне таза бал, тартылған екі қасық зімбір қосып, араластыру керек. Бұл вирус, жөтел, пневмониядан 100%-ға емдеу әдісі. Баға жетпес дәрі туралы бәрі білу үшін таратыңыз.
Үкім: Жалған
Коронавирусқа қарсы құйрық майдың және өзге де майлардың 100% тиімділігі туралы дәлел жоқ. Бал мен зімбірдің COVID-19-дан толықтай емдейтінін де ешкім дәлелдемеді. Майдың вирусты немесе басқа да инфекцияны физикалық тұрғыда жеңе алмайтынын естен шығармайық.
Иә, қойдың майы халық арасында ем үшін кең қолданылады. Ол жөтел кезінде денеге жағылады. Сондықтан майды мөлшерімен пайдаланып, дәрігер жазып берген дәрілерді ескерсе, толықтай зиян деп айта алмаймыз. Құйрық май дәріні алмастыра алмайды. Халық емі сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан, дәрігеріңізбен ақылдасыңыз.
Дәрігерлердің де бұған қатысты ойлары да әртүрлі. Біреулер суық тигенде қойдың майын ұсынса (тек қойдың майын ғана емес, терапиямен бірге), ал басқалары халық арасында кең таралған әдіспен емделуді құптамайды. Наурызда Adamdar/CA тілшілері Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығының сарапшыларына көптеген маңызды сұрақтар қойды. Сол сұрақтардың ішінде адыраспан мен қойдың майына қатысты сұрақ та бар еді. Дәрігер қойдың майы инфекциядан қорғайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Баяу балқитын жануарлардың майлары (құйрық, қаз және т. б.) сүрту кезінде теріге жылудың жоғалуын баяулататын пленканың пайда болуына әкеледі. Сондықтан олар бұлшықетті, байламдарды босаңсытып, ауырсынуды жеңілдететіп, жылыта алады. Суық тигенде және кез-келген инфекция кезінде бұлшықет ауруы жиі кездеседі. Мұндай “физиотерапия” симптомдарды жеңілдетеді. Бірақ бұл майлар инфекцияны емдемейді.
Сұхбаттан үзінді
ДДСҰ халық арасында емделу үшін кең таралған әдістер туралы қандай ескерту жасады?
Батыстың, халық арасында кең таралған емдеу әдістері немесе үй медицинасының кейбір құралдары COVID-19 симптомдарын жеңілдетеді. Алайда осы аурудың алдын алу үшін бірде-бір емделуге арналған дәрілердің тиімділігі әлі еш дәлелденбеген. ДДСҰ өзін-өзі емдеумен айналысуды және COVID-19 қарсы профилактикалық немесе дәрілік зат ретінде қандай да бір препараттарды өз бетінше қабылдамауға шақырады. Дегенмен, қазіргі уақытта бірнеше клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Оның ішінде халық арасында кең таралып жатқан медициналық әдістер де зерттелуде. ДДСҰ зерттеу нәтижелері аяқталған соң ақпаратты жариялайтынын мәлімдейді.
ДДСҰ майды аз жеуге шақырады
ДДСҰ-ның ресми сайтында COVID-19 пандемиясы уақытында ересектерге арналған тамақтану бойынша ұсыныстарды көре аласыз. Майға қатысты жерінен үзінді.
• Қаныққан майлардан гөрі (балық, авокадо, жаңғақтар, зәйтүн майы, соя, рапс, күнбағыс және жүгері майлары), қанықпаған майларды жеңіз (майлы ет, кокос майы, кілегей, ірімшік).
• Қызыл еттен гөрі, құрамында майы аз, ақ ет пен (мысалы, құс еті) балықты таңдаңыз.
• Өңделген еттерден аулақ болыңыз. Себебі олардың құрамында май мен тұз көп.
• Мүмкіндігінше, сүт пен сүт өнімдерінің майсыз түрлерін таңдаңыз.
• Өнеркәсіпте өндірілетін майларды ұсынбаймыз. Олар көбінесе өңделген тамақ, фастфуд, жеңіл тағамдар, қуырылған тағамдар, мұздатылған пицца, бәліштер, печенье, маргариндер мен спрэдтерде кездеседі.