Күнделікті уақытында тамақтанып, ұйықтап, салауатты өмір салтын ұстанып жүрсеңіз де, шаршап-шалдығып, күш-қуатыңызды жоғалтқандай сезінесіз бе?
Тәтті таңғы ас
Қант пен ұнда болатын көмірсулар тез арада ағзаны қуаттандыра алады. Алайда, бұл күш көпке жетпейді де. Ал қан құрамында қант деңгейінің күрт өзгеруі жалпы денсаулыққа пайдалы емес. Күні бойы күш-қуатты жоғалтпау үшін, таңғы асқа ерекше көңіл бөлген дұрыс.
Энергетикалық сусындар
Қазірде жастар арасында көп тараған энергетикалық сусындар қант пен кофеинге толы, сол себепті жылдам әсер ете алады. Бірақ уақыт өткеннен кейін, қандағы қант құрамы бұрынғыдан да төмендеп, сіз одан бетер шаршап, ұйқыңызды екі еселеп ұйықтайсыз.
Майлы тамақ
Майлы тамақтың денсаулыққа пайдалы емес екені түсінікті-ақ. Қуырылған картоп пен бургерлер қаншалықты дәмді болса да, ұзақ қорытылатындықтан, ағзамыздан әлдеқайда көп күш талап етеді. Майлы тамақ ес пен бұлшық ет жұмысына кері әсер көрсете алатындығы да дәлелденген.
Темір тапшылығы
Дәл осы темірдің ағзада жетіспеушілігі әлсіздік сезімін тудырып, тіпті, естен тандыра алады. Әлсіздіктен сақтанудың бірден-бір амалы құрамында темірі мол тағамдар жеу. Мысалы асқабақ пістесі не алма.
Қызыл шарап
Қызыл жүзімнің құрамында ұйқы гармоны мелатонин бар. Сондай-ақ кез келген алкогольді ішімдіктер ұйқы мен еске зақым тидіретіні жаңалық емес.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: infomed.by