Құрма – арабтардың күнкөрісінде маңызды орын алатын иісі мүлдем білінбейтін, бірақ, дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының 3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.
Олар айтарлықтай құнарлы (100 г.-да 277 ккал.), сондықтан керемет қуат көзі болып табылады. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Фтор тістерді тісжегіден қорғаса, тағамдық талшықтар мен селен иммунитетті көтеріп, қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларының алдын алса, калий сол жүрек пен қан-тамыр ауруларында көмектеседі. Құрма суық тигенде (әсіресе ағзаның шамадан тыс әлсізденген жағдайда) көмектеседі; еркектік қауқарды көбейтеді; сарыуайым кезінде, ағзаның әлсізденуінде, созылмалы шаршау кезінде жәрдем береді; бауырды, бүйректі және жүйке жүйесін бекітеді; ішектегі пайдалы бактериялардың өсуін қамтамасыз етеді; қанды нәрлендіріп, ағзаға аурутудырғыш микробтарға қарсы тұруға көмектеседі және қышқылды теңгерімді қолдап тұрады.
Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді.
Бұл жемісті шикі түрінде де, кептірілген түрінде де жей беруге болады. Құрмадан салаттар, нәрсу (компот), десерт, тіпті бал да дайындайды.
Құрма пальмасының жемістері гипертониктерге (қан қысымы көтеріңкі адамдар) аса пайдалы, себебі қан тамырының тарылуын баяулатады. Құрма Алланың қалауымен күш-қуатты көбейтіп, тонусты арттырады; көптеген кеселдерде көмектеседі; әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Құрма бауырды қуаттандырады, асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі күштендіреді. Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы (Бронхит) сияқты тыныс жолдарына шипа. Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады. Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді. Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған (гемоглобин) кісіге көп жеуіне кеңес беріледі. Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында микроп атаулы жоқ бірден-бір жеміс. Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады. Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды (босанғаннан кейін әйелдерде болатын және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Күнімізде медицина құрманы бир күнде ең көп дегенде бесеуін жеуге кеңес береді.