Құрамында Е дәрумені көп 8 өнім

Е дәрумені иммунитетке пайдалы. Ол ағза жасушаларын зиянды тотықтырғыш реакциялардан қорғайтын антиоксиданттық қасиетке ие. Е дәрумені қартаю белгілерін баяулатады, тері жасушаларының қалпына келуіне және қажетті ылғалдылық деңгейін сақтап тұруға көмектеседі. Біз бұл дәруменнің көп бөлігін азық-түліктен аламыз. Сондықтан құрамында Е дәрумені көп өнімдерді ұсынамыз.

Күнбағыс дәні
Шемішке пайдалы минералдарға бай: темір, цинк және селен. 100 г шикі немесе кептірілген күнбағыс дәндерінде — 31,2 мг, ал қуырылған түрінде 26,1 мг Е дәрумені бар. Ересектерде бұл заттың тәуліктік нормасы шамамен 10 мг екенін ескертеміз. Бұлшықеттер жұмысының белсенділігі мен адам жынысына қарай бұл мөлшер 30 мг-ға дейін өзгеруі мүмкін. Ерлерге және бұлшықеттерін белсенді жаттықтыратын адамдарға Е дәрумені көбірек қажет. Шемешкені, әсіресе, асқазан-ішек жолы проблемалары бар адамдарға күннің бірінші жартысында жеу ұсынылады.

Бадам және орман жаңғағы (фундук)
100 г бадам жаңғағында — 26,4 мг, ал 100 г орман жаңғағында 21 мг Е дәрумені бар. Бұл тәуліктік нормадан көп, сондықтан жаңғақтарды өте көп жеу ұсынылмайды. Бадам мен орман жаңғағы — магний, кальций, омега-3 майлы қышқылдары және биотиннің керемет көзі.

Зәйтүн майы
Зәйтүн майында майлы қышқылдар мен пайдалы микроэлементтер бар. 100 г бұл өнімде 12,1 мг Е дәрумені бар. Бір ас қасық зәйтүн майында шамамен 2 мг Е дәрумені болады.

Нәлім бауыры
100 г нәлім бауырында 8,8 мг Е дәрумені бар. Оны майлы және калориялы өніммен бірге жеу ұсынылмайды. Оның орнына нәлім бауырын көкөністермен үйлестіріңіз.

Зәйтүн
Зәйтүн калий, кальций, мырыш, темір және фосфордың көзі болып келеді. Сондай-ақ, 100 г зәйтүннің құрамында 3,4 мг Е дәрумені болады. Алайда консервіленген зәйтүнде тұз өте көп болатындықтан, оны көп жеу ұсынылмайды.

Авокадо
100 г авокадода 2,5 мг-ға дейін Е дәрумені болады. Жоғары тағамдық құндылығына қарамастан ол диеталық өнім болып саналады, себебі оның құрамында пайдалы омега қышқылдар бар. Сондай-ақ ол тағамдағы ағзаға қажетті микроэлементтерді жақсы сіңіруге көмектеседі.

Асжапырақ
100 г асжапырақта шамамен 2,5 мг Е дәрумені бар. Ол диета ұстайтын адамдарға тиімді, себебі ол төмен калориялы өнімге жатады. Оған қоса, оның құрамында ағзаға қажетті басқа да дәрумендер бар.

Қызыл уылдырық
Қызыл уылдырық дәрумендер мен минералдар жиынтығынан тұрады. 100 г бұл өнімде 1,89 мг Е дәрумені бар. Ол омега-3 және омега-6 майлы қышқылдарына да бай. Уылдырықты күнде жеуге болмайды, оны аптасына 1-2 рет жеу жеткілікті.