- Негізгі бет
- Денсаулық
- Күніне төрт рет...
Күніне төрт рет кофе ішу сізді диабеттен сақтайды
Кофенің құрылымын зерттейтін ғылыми институт жақында өз есебін жариялады. Зерттеуші мамандардың анықтауынша, күніне төрт шынаяқ кофе ішетін адамға екінші типтегі диабетпен ауыру қаупі төнбейді екен.
Тәжірибелік зерттеу жұмыстарына 17 мыңнан астам ересек адам қатысқан. Кейіннен әлемнің сегіз елінен 455 мың адамның ерікті қосылуы нәтижесінде, әрбір ішілген кофе диабеттің денедегі басымдылығын 10-15%-ға түсіретіні анықталды.
Расында нәтижеге қол жеткізу үшін күніне кем дегенде екі шынаяқ кофе ішу керек. Бір қызығы құрамында кофеині болмаған кофені ішкен кезде де әсері болады екен. Мұның негізгі принципін әзірге ғалымдар анықтап үлгерген жоқ.
Сондай-ақ, кофені күнделікті дағдыға айналдыру тек диабеттен ғана сақтамайды. Бірнеше жылды қамтыған зерттеу нәтижесі кофені көп тұтынатын адамдардың жүрегі де белсенді жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. Олардың инсультқа түспеу қаупі өзгелерге қарағанда 3 есе артық екен.
Сурет: www.huffingtonpost.ca
Ж. Өрісбай