- Негізгі бет
- Денсаулық
- Күнге күюдің кері...
Күнге күюдің кері әсері
Күнге қыздырыну мен күюдің қаншалықты пайдалы екенін бәріміз білеміз. Әсіресе, күннен алатын Д витаминінің адам дамуына көмегі ерекше.
Дегенмен күнге көп қыздырынудың кейде кері жағы барын да ұмытпаған жөн. Мәселен, дерматолог, Ресей медицина академиясының профессоры Юлия Галлямованың айтуынша, кейбір адамдарға күнге күюге мүлдем болмайды. Әсіресе, фотодерматит пен аллергиясы бар адамдарға қиын. Ондай адамдардың денесі бөртіп, қызарып кетеді.
– Бұл – денеге күн сәулесі түскен кезде терінің астындағы заттармен әрекеттесіп, содан адамның иммунды жүйесі қарсылық көрсеткен кезде пайда болатын нәрсе. Е иммуноглобулин бөлініп, денеде қышыма пайда болады, – дейді Юлия Галлямова.
Адам кейде өзіне жақпайтын антибиотик ішіп, дәл осылай денесі күлдіреп, бөртіп кетеді. Бұл – адамның өзін-өзі қорғау әдісі. Сондықтан күнге күйген кезде дене бөртіп кетсе, онда тезірек киінгеніңіз жөн.
Өйткені мұның арты онкологиялық ауруларға апаруы мүмкін. Тері обыры мен меланомның пайда болуының басты себебі де – осы. Әсіресе, денесі аппақ, қалы мен меңі көп адамдар көп шалдығады.
– Теріге түскен күн сәулесі ағзада бөлінетін меланинмен әрекеттесіп, қышқыл бөлінісіне кедергі келтіреді. Содан жасуша атомы ядродан шығып кетеді де, жасуша дұрыс бөлінбейді, – дейді дерматолог Галлямова.
Қ. Слямбек