Бір жыл бойы асыға күткен демалыс уақытысы да мәреге жетіп қалыпты тіршілікке келе бастадық. Алыстағы ауылға кеткен студенттеріміз де қалаға ағылып жатыр. Жағажайлық маусым да аяқталып келеді. Соншалықты сағынған күн ханым көпшілігімізге өз зиянын тигізіп үлгерді. Ал сіз күнге күйген келбетіңізді ел-жұрттан жасырып әлексіз. Саспаңыз, бүгінгі кеңестеріміз сізді бұл тығырықтан алып шығады.
Күн көзінен пайда болған күйікті ажарыма келген зақым ғана деп қабылдамаңыз, ультракүлгін сәулесі болашақта үлкен қауіптер төндіруі мүмкін. Дер кезінде әрекет етіп үлгеріңіз.
Ең алғашқы сағаттарда сулы орамалар жасау керек. Күн сәулесін қабылдау барысында тері қатты құрғайды, сол себепті суды көп ішіп, теріні белсенді түрде суландырып тұрыңыз. Және құрамында пантенол бар кремдерді сатып алыңыз. Бұл құралдың құрамында В5 дәрумені бар. Пантенол теріні нәрлендіріп, дымқылдандырады, қалпына келтіреді, коллагенді талшықтардың беріктігін арттырады. Кремді бет және дене терісіне қалың қабатпен жағып шығыңыз.
Терідегі ауырсынуды, күйікті, қышуды, қызаруды антигистаминді компоненттер баса алады. Мәселен, Псило-бальзам немесе Фенистил. Сонымен қатар, цинк оксиді құрамында бар мазьдар көмектесе алады.
Мұндай құралдарды қолға түсіре алмасаңыз, сүтқышқылды тағамдардың көмегіне жүгініңіз: айран, қаймақ және сүт. Назарларыңызға осындай табиғи ингредиенттердің көмегімен жасалынатын бірнеше рәсімнің жолдарын ұсынып көрелік:
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: wallplanet.ru