Көпшілігіміз күндіз бір ұйықтап алғанды ұнатамыз. Бір мызғып алғанның өзі күні бойына жететін күш-қуат береді. Ғалымдар күндізгі ұйқының пайдасы туралы не дейді екен?
Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, жұмысқа қабілеттілікті арттыру үшін күнделікті түс кезінде 20-25 минут көз іліндіріп алу керек.
Ал дәрігерлердің пайымдауынша мидың есте қалу қабілетін арттыру үшін бір сағат ұйықтап алудың өзі жеткілікті.
Өкінішке орай, қазіргі заман адамдарына уақыт мүлдем жетпейді. Сондықтан ғалымдар ұйқының ұзақтығын қысқартып адам ағзасының мейілінше сергек қалу жолдарын қарастырып жатыр.
Зерттеулер нәтижесінде 7 сағаттан артық ұйықтаудың қажеттілігі аз деп танып күндіз 20 минут тынығып алудың пайдасын атап көрсеткен.
Батыс Еуропа елдеріндегі кейбір компаниялардың кеңселері арнайы тынығатын бөлмелермен жабдықталып, қызметкерлерге барлық жағдай жасалған.
Түскі ұйқының адам ағзасына келтірер пайдасы өте зор: жадында сақтау қабілетін арттырады, күйзелістен қорғайды, адамның шығармашылық қабілетіне оң әсер етеп көңіл-күйін көтереді.
Демек, орайы келген сәтте қалғып алудың денсаулығыңызға да жұмысқа да тигізер жағымды әсері мол болмақ.
Дереккөзі: szh.kz